Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi бас сауда басқармасына қаржылай көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 25 қыркүйек N 1279

      Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiн сауда-тұрмыстық қамтамасыз етудi жақсарту, әскери бөлшек сауда жүйелерiн бәсең баға бойынша күнделiктi сұраныс тауарларымен молықтыру үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң және Қаржы министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң бас сауда басқармасын және оған бағынысты әскери саудаларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мекемелерiнiң кредиттiк-есеп айырысу қызметiнде қалдыру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрiне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң бас сауда басқармасының айналым қаражатын толықтыру үшiн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн ұстауға республикалық бюджет бойынша көзделген қаражат есебiнен қайтарым негiзiнде 50 (елу) млн. теңге бөлуге рұқсат етiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады