Республиканың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 4 қазандағы N 1299 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

      Орын алған кемшiлiктердi жою және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық объектiлерiн пайдалану және ұстау жөнiндегi жұмысты одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Балансында тұрғын үй қоры бар облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi, министрлiктер мен ведомстволар, кәсiпорындар мен ұйымдар:
      тұрғын үй қорын қалыпты пайдалану және ұстау хақында шұғыл проблемаларды дербес шешу мақсатында пәтерлердiң (үйлердiң) иелерiнiң кооперативтерiн құру жөнiнде жекешелендiрiлген пәтерлер мен үйлердiң тұрғындарының арасында қажеттi түсiндiру және ұйымдастыру жұмысын жүргiзсiн. Бiрiншi кезектегi мұқтаждары үшiн оларға қажеттi материалдық-техникалық ресурстарды беру, жайғастыруда жаңадан құрылған кооперативтерге жан-жақты көмек көрсетсiн;
      Кооперативтердiң баласындағы үйлерге жапсарлас салынған адам тұрмайтын үй-жайлардың жалгерлерi мен иелерiне тұрғын үйдi ұстауға арналған шығындардың бiр бөлiгiн төлету құқын пәтерлер (үйлер) иелерi кооперативтерiне берсiн. Жиналған ақшалай қаражат тек қана тұрғын үйлердi ұстау және жөндеуге, сондай-ақ үйлердiң маңындағы аумақтарды тазалауға жұмсалсын.
      Мемлекеттiк және жекешелендiрiлген тұрғын қорының техникалық жай-күйiне 3 ай мерзiмде тексеру жүргiзсiн және нәтижесi бойынша оны күрделi жөндеуден өткiзу, қалпына келтiру немесе авариялық және тозған үйлердi бұзу жөнiнде нақты шаралар қабылдансын;
      Әсiресе, көп қабатты үйлерде тұратын азаматтардың қауiпсiз тұруына жағдай жасау мақсатында олардың тұрғын үй-жайларының тiкелей мақсатына сай пайдаланылуын қамтамасыз етсiн; Тұрғын үй-жайын қайта жоспарлау немесе қайта құру тек қана жергiлiктi сәулет органдарымен келiсiлген жобалар бойынша құрылыс нормалары мен ережелерiн сақтап жүргiзсiн;
      лифт шаруашылығын сенiмдi пайдалануды қамтамасыз ету үшiн бiр ай мерзiмде олардың техникалық жай-күйiн айқындау, қосалқы бөлшектер сатып алуға және жарамсыз жабдықтарды ауыстыруға және жөндеуге қаржы ресурстарын iздестiрсiн.
      2. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi:
      отын-энергетика қорларын жан-жақты үнемдеу мақсатында халыққа коммуналдық және өнеркәсiп орындарына бюджеттiк ұйымдарға жiберiлетiн жылу энергиясы, суық және жылы суды, газды прибормен есепке алу жөнiндегi шараларды әзiрлеп, 1995-1996 жылдар iшiнде жүзеге асырсын;
      қалыпты экологиялық жағдайды сақтау үшiн қалалар мен елдi мекендерде қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және сенiмдi орналастыру орындары белгiленсiн және қажет болған жағдайда оларды өңдеу жөнiнде тиiстi қуаттарды құрсын.
      Саланы көмек қаржысыз жұмыс iстеуге көшiрудi аяқтағанға дейiн тұрғын қорын жылы сумен жабдықтау және жылыту жөнiндегi тарифтерiнiң айырмашылығына байланысты, пәтерлер (үйлер) иелерi кооперативтерiнiң шығындарын жабуды мемлекеттiк тұрғын үйдi пайдалану ұйымдарына белгiленгенiндей жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен жүзеге асыруды ұсынсын.
      3. Тұрғын үй құрылысы мемлекеттiк банкi және оның жергiлiктi бөлiмшелерi пәтерлер (үйлер) иелерi кооперативтерiне есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетудi жүзеге асырсын.
      Банк пәтерлердi, тұрғын үйлердiң ортақ бөлiктерiн мақсатты қаражат жинақтау үшiн қолданылып жүрген шарттармен проценттерiн есептеп, пәтерлер (үйлер) иелерi кооперативтерiне, олардың жекелеген мүшелерiне есепшот ашуға рұқсат берсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiмен облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесiп, халық пен коммуналдық шаруашылықтардың сұранысын қанағаттандыратын көлемде 1995-1996 жылдары жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың базасында коммуналдық техника, қазандық жабдықтар, желiлiк сорғыштар, электротехникалық өнiмдер, есепке алу приборларын, құбыр жүргiзу арматураларын және санитарлық-техникалық бұйымдарды жасап шығару жөнiнде қуаттарды құру мәселелерiн қарап, шешсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi су құбырлары мен канализацияның магистралдық жеткiзу жүйелерiн қоса, елдi мекендерде су құбыры мен канализация жүйелерiнiң негiзгi iрi ғимараттарын салу және жаңғыртуға қажеттi қаражаттың республикалық бюджеттен бөлiнуiн республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жыл сайынғы индикативтiк жоспарларында қарастырсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

О мерах по развитию жилищно-коммунального хозяйства республики

Постановление Кабинета Министров Республики казахстан от 4 октября 1995 г. N 1299

      В целях устранения имеющихся недостатков и дальнейшего совершенствования работы по эксплуатации и содержанию жилищного фонда и объектов жилищно-коммунального хозяйства Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Главам областных и Алматинской городской администраций, министерствам и ведомствам, предприятиям и организациям, на балансе которых имеется жилищный фонд:
      провести среди жильцов приватизированных квартир и жилых домов необходимую разъяснительную и организаторскую работу по созданию кооперативов собственников квартир (домов) с целью самостоятельного решения неотложных проблем по нормальной эксплуатации и содержанию жилищного фонда. Оказать вновь созданным кооперативам всестороннюю помощь в их обустройстве, передаче им для первостепенных нужд необходимых материальных и технических ресурсов;
      передать кооперативам собственников квартир (домов) право взимания с арендаторов и собственников встроенных нежилых помещений в домах, находящихся на балансе кооперативов, доли расходов, предназначенных на содержание жилого дома. Собранные денежные средства направлять только на содержание и ремонт жилых домов, а также очистки придомовых территорий;
      в 3-х месячный срок провести обследование технического состояния государственного и приватизированного жилищного фонда и по результатам принять конкретные меры по его капитальному ремонту, восстановлению или сносу аварийного и ветхого жилья;
      в целях создания безопасных условий проживания граждан, особенно в многоэтажных жилых домах, обеспечить использование их помещений строго по назначению. Переустройство или перепланировку жилого помещения производить только по проектам, согласованным с органами архитектуры на местах, с соблюдением строительных норм и правил;
      для обеспечения надежной эксплуатации лифтового хозяйства в месячный срок определить его техническое состояние, изыскать финансовые ресурсы на его ремонт, приобретение запасных частей и замену пришедшего в негодность оборудования.
      2. Главам областных и Алматинской городской администраций:
       в целях всемерной экономии топливно-энергетических ресурсов разработать и осуществить в течение 1995-1996 годов меры по организации приборного учета тепловой энергии, холодной и горячей воды, газа, реализуемых населению, коммунальным и промышленным предприятиям, бюджетным организациям;
      для сохранения нормальной экологической обстановки определить в городах и населенных пунктах места надежного размещения и утилизации твердых бытовых отходов и, при необходимости, создать соответствующие мощности по их переработке;
      рекомендовать осуществлять покрытие расходов кооперативам собственников квартир (домов), связанных с разницей в тарифах по отоплению и горячему водоснабжению жилого фонда, до завершения перевода отрасли на бездотационное функционирование, за счет местных бюджетов, как это установлено для государственных жилищно-эксплуатационных организаций.
      3. Государственному банку жилищного строительства и его подразделениям на местах осуществлять расчетно-кассовое обслуживание кооперативов собственников квартир (домов).
      Разрешить банку открыть кооперативам собственников квартир (домов), отдельным его членам специальные счета для целевого накопления средств на ремонт квартир, общих частей жилых домов с начислением процентов на действующих условиях.
      4. Министерству экономики, Министерству промышленности и торговли совместно с Министерством строительства, жилья и застройки территорий Республики Казахстан, главами областных и Алматинской городской администраций рассмотреть и решить вопросы создания в 1995-1996 годах на базе действующих предприятий мощностей по выпуску коммунальной техники, котельного оборудования, сетевых насосов, электротехнической продукции, приборов учета, трубопроводной арматуры и санитарно-технических изделий в объемах, удовлетворяющих спрос населения и коммунальных предприятий.
      5. Министерству экономики, Министерству финансов Республики Казахстан предусматривать в ежегодных индикативных планах социально-экономического развития республики выделение необходимых средств из республиканского бюджета на строительство и реконструкцию крупных головных сооружений систем водоснабжения и канализации населенных мест, включая магистральные подводящие сети водопровода и канализации.
    Премьер-министр
  Республики Казахстан