Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорымен есеп айырысу жөнiндегi елеулi кемшiлiктер мен қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 5 қазан N 1306. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.07.31. N 1194 қаулысымен. ~P971194

      Республиканың жекелеген аймақтарындағы зейнетақылар мен жәрдемақыларды уақтылы төлеу мәселесi жөнiндегi жағдай жөнсiз деп танылды. Мұның өзi жалпы мемлекеттiк проблемаларды шешудегi аймақтық және ведомстволық өзiмшiлдiктiң, Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорының қызметi мәселелерi жөнiнде үкiмет шешiмдерiнiң жергiлiктi жерлерде орындалуының салдары болып табылады. Мiндеттi мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға қаржы аударудан жалтару жаппай сипат алды, Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорының қаржысынан жәрдемақылар және басқа да бюджеттiк төлемдердi төлеу жөнiндегi берешектер өтелмеуде, зейнеткерлер мен жәрдемақы алушылардың алдындағы қарыз өсуде.
      Зейнетақылар мен жәрдемақыларды уақтылы төлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      I. Облыстардың, Алматы қаласының әкiмдерi мынаған мiндеттелсiн:
      меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындар, ұйымдар және мекемелердiң басшылары Қазақстан Республикасының Зейнетақы қоры алдындағы қарыздарын өтеудiң мүмкiндiктерiн екi апта мерзiмде iздестiрiп, тапсын. Тиiстi шаралар қабылдау үшiн қарыздарының сомасы көрсетiлген борышкерлердiң жеке тiзiмдерiн үстiмiздегi жылдың 25 қазанына дейiн Үкiметке тапсырсын;
      облыстық қаржы басқармалары Қазақстан Республикасының Зейнетақы қоры алдындағы бюджеттiк ұйымдардың қарыздарын үстiмiздегi жылдың 1 қарашасына дейiн қайтарып, үстiмiздегi жылдың 1 қазанына дейiнгi жағдай бойынша, балаларға жәрдемақыларды қоса, зейнетақы қорынан төленген төлемдердiң толық мөлшерде орнын толтырсын;
      Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорынан алынған қаржының оған мезгiлiнен кешiктiрiлiп қайтарылған мұндай фактiлерге алдағы уақытта жол берiлмесiн. Осы тапсырма орындалмаған әрбiр нақты фактi бойынша қызметiнен босатуға дейiн кiнәлiлерге неғұрлым батыл шаралар қолдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың жарналары бойынша Қазақстан Республикасының Зейнетақы қоры мен олардың толық және уақтылы есеп айырысуды жүзеге асыруы үшiн бюджеттiк ұйымдардың республикалық бюджеттен уақытылы қаржыландырылуын қамтамасыз етсiн.
      3. <*>
      Ескерту. 3-тармақтың 2-шi абзацы жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң
               1995.12.28. N 1600 қаулысымен. P951600_
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.01.
               N 447 қаулысымен. P970447_
      Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына толық мөлшерде ақша сомаларын аударуға төлеушiлердiң есепшоттарындағы қаржы жетпеген жағдайда Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорының орталықтандырылған есепшотына аударылуға жататын сомасын банктер бiрiншi кезекте төлейдi.
      Жалақы төлеу үшiн ақша алынатын чектiң екiншi жағында Қазақстан Республикасының тиiстi халықты әлеуметтiк қорғау орталығының "Зейнетақы қорына сақтандыру шаралары бойынша берешегi жоқ" деген белгiсi қойылса ғана банк жалақы бередi.
      Халықты әлеуметтiк қорғаудың облыстық басқармаларына Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына дұрыс есептелмеген және толық аударылмаған сомаларды сақтандырушылардың есеп айырысу, ағымдағы және басқа есепшоттарынан сөзсiз /ықтиярсыз/ өндiрiп алу құқығы берiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне қажет болған жағдайда өзiнiң нормативтiк актiлерiне тиiстi өзгертулер енгiзу ұсынылсын.
      5. 1995 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының бюджетi мен Зейнетақы қорының берешектерiн өзара өтеудi жүргiзуге байланысты "Қазақстан Республикасының бюджетi мен Зейнетақы қорының берешектерiн өзара өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 5 шiлдедегi N 928 қаулысымен Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 4 қыркүйектегi N 328 өкiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының 
       Премьер-министрi


О серьезных недостатках и дополнительных мерах по расчетам с Пенсионным фондом Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 октября 1995 г. N 1306. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 31 июля 1997 г. N 1194 ~P971194.

      Ситуация по вопросу своевременности выплат пенсий и пособий в отдельных регионах республики признана недопустимой. Это явилось следствием регионального и ведомственного эгоизма в решении общегосударственных проблем, неисполнения на местах правительственных решений по вопросам деятельности Пенсионного фонда Республики Казахстан. Массовый характер приняло уклонение от перечисления средств на обязательное государственное социальное страхование, не возмещается задолженность по произведенным из средств Пенсионного фонда Республики Казахстан расходам на выплату пособий и других бюджетных выплат, растет задолженность перед пенсионерами и получателями пособий.
      В целях своевременности выплат пенсий и пособий Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Акимам областей, г. Алматы обязать:
      руководителей предприятий, организаций и учреждений, независимо от форм собственности, в двухнедельный срок изыскать возможность погашения имеющейся задолженности перед Пенсионным фондом Республики Казахстан. К 25 октября т.г. представить в Правительство персональные списки должников с указанием сумм задолженности для принятия соответствующих мер;
      областные финансовые управления в срок до 1 ноября т.г. погасить задолженность бюджетных организаций перед Пенсионным фондом Республики Казахстан и возместить в полном объеме произведенные выплаты из Пенсионного фонда по состоянию на 1 октября т.г., включая пособия на детей;
      впредь не допускать подобные факты несвоевременного возмещения Пенсионному фонду Республики Казахстан заимствованных у него средств. По каждому конкретному факту неисполнения данного поручения принимать к виновным самые решительные меры вплоть до освобождения от занимаемых должностей.
      2. Министерству финансов Республики Казахстан обеспечить своевременное финансирование бюджетных организаций из республиканского бюджета для осуществления ими полного и своевременного расчета с Пенсионным фондом Республики Казахстан по взносам на обязательное социальное страхование.
      3. Пункт 3 утратил силу постановлением Правительства РК от 1 апреля 1997 г. N 447. P970447_
      4. Рекомендовать Национальному Банку Республики Казахстан, в случае необходимости, внести соответствующие изменения в свои нормативные акты.
      5. В связи с проведением взаимного погашения задолженности бюджета и Пенсионного фонда Республики Казахстан по состоянию на 1 октября 1995 года признать утратившими силу постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 5 июля 1995 г. N 928 "О взаимном погашении задолженности бюджета и Пенсионного фонда Республики Казахстан" и распоряжение Премьер-министра Республики Казахстан от 4 сентября 1995 г. N 328.
      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство социальной защиты населения Республики Казахстан.
  Премьер-министр
Республики Казахстан