"1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 наурыздағы N 2120 Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2371 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары мен құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларын көбейту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 11 шiлдедегi N 945 қаулысына сәйкес қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары мен құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларына 1995 жылғы 1 қазаннан бастап түзетiлген есеп айырысудың 1,07 коэффициентi қолданылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi