1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1995 жылға арналған республикалық бюджетте қалалық қоғамдық көлiктi дамытуға көзделген соманы жергiлiктi бюджеттерге берiп, оны кейiн қосымшаға сәйкес республикалық бюджетпен өзара есеп айырысу шотына жатқызсын.
2. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi бөлiнетiн қаржының жолаушылар көлiгiнiң залалын өтеуге және жылжымалы құрам паркiн жаңғыртуға мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне аталған мақсатқа жұмсалатын соманың шегiнде автобустар, троллейбустар және трамвайлар сатып алуына тапсырыс берiлсiн.
1996 жылдан бастап қалалық жолаушылар көлiгiнiң жұмысына
байланысты шығындарды дербес қаржыландыруды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданылсын. 3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi облыстардың және Алматы қаласы әкiмдерiнiң тапсырыстары негiзiнде республикадағы қалалық жолаушылар көлiгi кәсiпорындарын пайдаланудың техникалық мүмкiндiктерiн ескерiп, тиiсiнше маркалардағы жылжымалы құрамды орталықтандырып сатып алуға арналған келiсiмдердi (контрактыларды) ресiмдеудi қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 16 қазандағы N 1332 қаулысына қосымша Қалалық қоғамдық көлiктi дамытуға арналған қаражатты Бөлу ________________________________________________________________ Облыстар Қаражат сомасы (миллион теңге) ________________________________________________________________ Ақтөбе 80 Алматы 40 Ақмола 30 Атырау 40 Шығыс Қазақстан 110 Жамбыл 50 Жезқазған 40 Батыс Қазақстан 40 Қарағанды 120 Қызылорда 30 Көкшетау 40 Қостанай 80 Маңғыстау 40 Павлодар 110 Солтүстiк Қазақстан 40 Семей 40 Талдықорған 30 Торғай 10 Оңтүстiк Қазақстан 130 Алматы қаласы 400 _________________________ Жиыны 1500 Резервтiк қор 500 _________________________ Барлығы 2000