"Техносистем" ұлттық акционерлiк компаниясының мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 19 қазандағы N 1348

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Техносистем" ұлттық акционерлiк компаниясының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiмен келiсiлген, оны, "Техносистем" акционерлiк компаниясына қайта ұйымдастыру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника және байланыс жөнiндегi ұлттық орталығы мен Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi жанындағы Қазақ мемлекеттiк ғылыми-техникалық ақпарат жөнiндегi ғылыми-зерттеу институтын

оның құрамынан шығаруды қарастырып, аталған компанияны қайта 
ұйымдастыру жөнiнде шаралар қабылдансын.
     3. "Техносистем" ұлттық акционерлiк компаниясы туралы"
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 
11 қазандағы N 1154 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
  
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
  
      
      


Вопросы Национальной акционерной компании "Техносистем"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 октября 1995 г. N 1348

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Принять предложение Национальной акционерной компании "Техносистем", согласованное с Государственным комитетом Республики Казахстан по управлению государственным имуществом и Министерством науки и новых технологий Республики Казахстан, о ее реорганизации в акционерную компанию "Техносистем".
      2. Государственному комитету Республики Казахстан по управлению государственным имуществом принять меры по реорганизации указанной компании, предусмотрев выведение из ее состава Казахского государственного научно-исследовательского института научно-технической информации при Министерстве науки и новых технологий и Национального центра по радиоэлектронике и связи Республики Казахстан.
      3. Признать утратившим силу постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 11 октября 1994 г. N 1154 "О Национальной акционерной компании "Техносистем".
    Премьер-министр
  Республики Казахстан