1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi жанындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi бас сауда басқармасының базасында қару-жарақтар мен оларға оқ-дәрiлердi, әскери техника мен технологияларды, қосалқы бөлшектердi, жинақтаушы бұйымдар мен приборларды сатып алу және сату, ғарыштық сынақтарды, сондай-ақ әскери тектi қара, түстi металдар мен материалдарды жинау мен сатуды ұйымдастыру, әскери мақсаттағы өнiмдермен экспорттық-импорттық операциялар жүргiзу үшiн шаруашылық жүргiзу құқығымен "Казвоентехимпекс" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны құрылсын.
2. "Казвоентехимпекс" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына осы қаулының бiрiншi тармағында көрсетiлген өнiмдермен экспорттық-импорттық операциялар жүргiзу құқығы берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi "Казвоентехимпекс" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының жарғысын бiр ай мерзiмде бекiтiп, оны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнiң органдарында тiркесiн.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Казвоентехимпекс" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының жарғы қорын құрсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi