1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Химпром" мемлекеттiк холдинг компаниясының иеленуiне, пайдалануына және басқаруына берiлген акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акциялар пакеттерiн оның иелену, пайдалану және басқару құқықтарына тыйым салсын.
2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi: N 1 қосымшада көрсетiлген акционерлiк қоғамдардың акцияларын жеке жекешелендiру бағдарламасы бойынша сатсын; N 2 қосымшада көрсетiлген акционерлiк қоғамдардың акцияларын қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сатсын; 3. "Химпром" мемлекеттiк холдинг компаниясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 30 тамыздағы N 750 қаулысының /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 34, 393-бап/ күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 26 қазандағы N 1383 қаулысына 1 қосымша "Химпром" мемлекеттiк холдинг компаниясының құрамынан шығарылған және жеке жоба бойынша жекешелендiруге жатқызылған акционерлiк қоғамдардың тiзбесi "Карбон" АҚ, Рудный қаласы, Қостанай облысы "Карбид" АҚ, Темiртау қаласы "Акпо" АҚ, Ақтау қаласы Ақтөбе хром қоспалары зауыты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 26 қазандағы N 1383 қаулысына 2 қосымша "Химпром" мемлекеттiк холдинг компаниясының құрамынан шығарылған және жаппай жекешелендiруге жатқызылған акционерлiк қоғамдардың тiзбесi "Индербор" АҚ, Атырау облысының Индербор поселкесi "Ритхимнефть" АҚ, Атырау қаласы "Қазхимреактив" АҚ, Алматы қаласы