1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджет пен "Медтехника" акционерлiк қоғамы арасында соңғысының ресейлiк кредит желiсi бойынша қаржылық мiндеттемесiнiң бiр бөлiгi
13.1 млн. (он үш миллион жүз мың теңге) мөлшерiндегi сомаға бiржолғы есептеме жүргiзсiн және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiн қаржыландырған кезде "Медтехника" акционерлiк қоғамы медицина техникасы бұйымдарын алу мен сақтау жөнiнде көрсеткен қызметi үшiн оның берешегiн өтеу есебiне аталған соманы есепке алсын.
2. "Медтехника" акционерлiк қоғамы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi австриялық кредит желiсi бойынша сатып алған әрi өз жүйесiнiң емдеу орындарына берген медициналық жабдықтарды алу мен сақтау жөнiнде қызмет көрсетiлгенi үшiн, ресейлiк кредит желiсi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi алдындағы берешегiн өтеу ретiнде екенiн тиiсiнше көрсете отырып, оның кредиттiк берешегiн 13,1 млн. (он үш миллион жүз мың) теңге мөлшерiндегi сомада азайтатын болсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1995 жылғы республикалық бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарына 13,1 млн. (он үш миллион жүз мың) теңге мөлшерiндегi соманы халықаралық келiсiмге сәйкес мемлекеттiк кредит берiлгенi үшiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлерден алынған қаражат және соңғысын өтеу мен оны пайдаланғаны үшiн проценттер төлеу жөнiндегi шығыстар ретiнде екенiн ескеретiн болсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi