1. Қазақстан Республикасының Ұлыбританияның Бiрiккен Корольдiгi мен Солтүстiк Ирландиядағы Елшiлiгiнiң штат саны 24,5 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ұлыбританияның Бiрiккен Корольдiгi мен Солтүстiк Ирландиядағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiнiң лауазымдық жалақысы айына 3500 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн. <*>
Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң шетел валютасымен айлық жалақысына қарай штат кестесiне сәйкес белгiленсiн.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 1996.12.18.
N 1545 қаулысымен. P961545_
3. Елшiлiк қызметкерлерiне медициналық көмек көрсетуге арналған аударым олардың шетел валютасымен жалақы қорының 2 процентi мөлшерiнде белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы Iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып Қазақстан Республикасының Ұлыбританияның Бiрiккен Корольдiгi мен Солтүстiк Ирландиядағы Елшiлiгiнiң штаттық кестесiн және смета шығынын бекiтсiн.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1995 жылдың
аяғына дейiнгi кезеңге арналған үй-жай жөндеуге, автокөлiк, қажеттi құрал-саймандар мен жабдықтар алуға iс-сапарға шығындарды қоса алғанда Қазақстан Республикасының Ұлыбританияның Бiрiккен Корольдiгi мен Солтүстiк Ирландиядағы Елшiлiгiнiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi қаражатты республикалық бюджет қаражатының есебiнен бөлетiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi