"Алматы қанты" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн сату туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 30 қазандағы N 1398

      "Алматы қанты" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiнiң сатылуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Алматы қант зауытының "Алматы қанты" акционерлiк қоғамының акцияларының 90 процентiн мемлекеттiк акциялар пакетi құрайтын "Алматы қанты" акционерлiк қоғамына айналуы мақұлдансын.
      2. "Алматы қанты" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн сату жөнiндегi инвестициялық конкурстың нәтижесi күшiнде деп танылсын және Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен И-ДИ энд МЭН ШУГАР РЕФАЙНИНГ ЛИМИТЕД компаниясының арасындағы 1995 жылғы 16 тамыздағы жарғы капиталын сатып алу туралы шарт мақұлдансын.
      3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары, Алматы облысының әкiмi шарттың қағидаларының орындалуында "Алматы қанты" акционерлiк қоғамына көмек көрсетсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


О реализации государственного пакета акций акционерного общества "Алматы Канты"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 октября 1995 г. N 1398

      В связи с реализацией государственного пакета акций акционерного общества "Алматы Канты" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Одобрить преобразование Алматинского сахарного завода в акционерное общество "Алматы Канты" с государственным пакетом акций, составляющим 90 процентов акций акционерного общества "Алматы Канты".
      2. Признать действительными результаты закрытого инвестиционного конкурса по реализации государственного пакета акций акционерного общества "Алматы Канты" и одобрить договор между Республикой Казахстан в лице Государственного комитета Республики Казахстан по приватизации и компанией И-ДИ энд ЭФ МЭН ШУГАР РЕФАЙНИНГ ЛИМИТЕД о приобретении уставного капитала от 16 августа 1995 года.
      3. Министерствам, ведомствам Республики Казахстан, акиму Алматинской области оказать содействие акционерному обществу "Алматы Канты" в выполнении условий договора.
    Премьер-Министр
  Республики Казахстан