1. Алматы қант зауытының "Алматы қанты" акционерлiк қоғамының акцияларының 90 процентiн мемлекеттiк акциялар пакетi құрайтын "Алматы қанты" акционерлiк қоғамына айналуы мақұлдансын.
2. "Алматы қанты" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн сату жөнiндегi инвестициялық конкурстың нәтижесi күшiнде деп танылсын және Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен И-ДИ энд МЭН ШУГАР РЕФАЙНИНГ ЛИМИТЕД компаниясының арасындағы 1995 жылғы 16 тамыздағы жарғы капиталын сатып алу туралы шарт мақұлдансын.
3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары, Алматы облысының әкiмi шарттың қағидаларының орындалуында "Алматы қанты" акционерлiк қоғамына көмек көрсетсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi