Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 31 қазан N 1408. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.07.26. N 1010 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 U952337_ Заң күшi бар Жарлығына және "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2338 K952338_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мына шешiмдерiне өзгертулер енгiзiлсiн:
      1. "Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету туралы Уақытша ереже туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 29 қыркүйектегi N 813 қаулысына /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 37, 569-бап/:
      Аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету тәртiбi туралы Уақытша ережедегi:
      19-тармақ, 20-тармақтың 2-7-тармақшалары, 21-тармақтың бiрiншi абзацының күшi жойылған деп танылсын;
      26-тармақтың бiрiншi абзацында "Қазақстан Республикасынан заңсыз кету, Қазақстан Республикасына келу" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк өтудiң ережелерiн бұзғаны үшiн" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 10 наурыздағы N 186 қаулысына /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 7, 87-бап/:
      аталған қаулыда бекiтiлген Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу Ережесiнiң 10 және 40-тармақтарының күшi жойылған деп танылсын.
 

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-министрi



О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 1995 г. N 1408. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 26 июля 2001 года N 1010 ~P011010

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, от 19 июня 1995 г. N 2337 U952337_ "О правовом положении иностранных граждан в Республике Казахстан" и постановлением Президента Республики Казахстан от 19 июня 1995 г. N 2338 "О реализации Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, "О правовом положении иностранных граждан в Республике Казахстан" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      Внести изменения в следующие решения Правительства Республики Казахстан:
      1. В постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 29 сентября 1992 г. N 813 "О Временном положении о въезде в Республику Казахстан и выезде из Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1992 г., N 37, ст. 569):
      во Временном положении о порядке въезда в Республику Казахстан и выезда из Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      признать утратившими силу пункт 19, подпункты 2-7 пункта 20, абзац первый пункта 21;
      абзац первый пункта 26 после слов "за незаконный выезд из Республики Казахстан, въезд в Республику Казахстан" дополнить словами "за нарушение правил транзитного проезда через территорию Республики Казахстан".
      2. В постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 10 марта 1993 г. N 186 "О правилах пребывания иностранных граждан в Республике Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1993 г., N 7, ст. 87):
      признать утратившим силу пункты 10 и 40 Правил пребывания иностранных граждан в Республике Казахстан, утвержденных указанным постановлением.
 

  Премьер-министр

Республики Казахстан