"Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 U952337_ Заң күшi бар Жарлығына және "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2338 K952338_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мына шешiмдерiне өзгертулер енгiзiлсiн:
1. "Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету туралы Уақытша ереже туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 29 қыркүйектегi N 813 қаулысына /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 37, 569-бап/:
Аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету тәртiбi туралы Уақытша ережедегi:
19-тармақ, 20-тармақтың 2-7-тармақшалары, 21-тармақтың бiрiншi абзацының күшi жойылған деп танылсын;
26-тармақтың бiрiншi абзацында "Қазақстан Республикасынан заңсыз кету, Қазақстан Республикасына келу" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк өтудiң ережелерiн бұзғаны үшiн" деген сөздермен толықтырылсын.
2. "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 10 наурыздағы N 186 қаулысына /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 7, 87-бап/:
аталған қаулыда бекiтiлген Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу Ережесiнiң 10 және 40-тармақтарының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi