"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368 Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн және Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарлар, оның iшiнде әрi көлiк құралдарын өткiзу тәртiбiн ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған:
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарларды өткiзу тәртiбi туралы Ереже;
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың көлiк құралдарын өткiзуiнiң тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Кеден комитетiне мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарларды өткiзу тәртiбi туралы Ережеге және Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың көлiк құралдарын өткiзуiнiң тәртiбi туралы Ережеге басқа мемлекеттердiң Кеден одағына кiруiне қарай Кеден одағы Келiсiмге сәйкес өзгертулер енгiзу құқы берiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1995 жылғы 2 қарашадағы
N 1440 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке
тұлғалардың тауарларды өткiзу тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен, сондай-ақ осы Ережемен белгiленген талаптарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасына әкелуге, Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынғандарынан басқа кез-келген тауарды Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткiзе алады.
2. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағына тауарларды әкелуi және осы аумақтан тауарларды әкетуi кеден төлемдерi төленетiн, экономикалық саясат шаралары (квоталау, лицензиялау және т.б.) сақталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгiленген басқа да талаптар орындалған жағдайда кеден режимдерiне сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке тұлғалар алуы кеден органдарына жүктелген кеден баждарын, кеден алымдары мен салықтарын төлейдi.
3. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы заңдармен белгiленген тәртiппен акциздер салуға жататын тауарлар тобынан басқа, оңайлатылған жеңiлдiктi тәртiбiмен өндiрiстiк немесе өзге коммерциялық қызметке арналмаған тауарларды өткiзе алады.
Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелетiн акцизделетiн тауарлары Қазақстан Республикасы орталық кеден органының нормативтi актiлерiне және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жалпы негiздерде ресiмделедi (таңбаланады).
4. Жеке тұлғалардың өндiрiстiк немесе өзге коммерциялық қызметке арналмаған тауарларды өткiзуi жөнiндегi оңайлатылған жеңiлдiктi тәртiбi кеден төлемдерiнен толық босатуды не "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 108-бабына сәйкес кеден баждарының бiрыңғай ставкаларын қолдануды бiлдiредi.
Жеке тұлғалардың акциздер (акцизделетiн топ) салуға жататын, Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткiзетiн тауарларына осы Ережеге сәйкес, алуы кеден органдарына жүктелген: кеден баждары, кеден алымдары, акциздерi мен салықтары салынады.
5. Тауарларды өткiзудiң оңайлатылған жеңiлдiктi тәртiбiн қолданған кезде кеден баждарының бiрыңғай ставкалары акцизделетiн тауарлардан басқа салынатын салық деңгейлерi мен шыққан елiне қарамастан тауарлардың барлық санаттарына қатысты осы Ережеге сәйкес қолданылады.
6. Кеден баждарының бiрыңғай ставкаларына тауарларды сақтау үшiн кеден алымдары, сондай-ақ анықталынбаған орындардан тыс және кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс тауарларды кедендiк ресiмдеу үшiн алынатын кеден алымдары кiрмейдi.
7. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы және тұлғалардың өндiрiстiк немесе өзге коммерциялық қызметке арналмаған көлiк құралдарын әкелу кезiнде, мұндай тұлғалар көлiк құралының кеден құнының 2 процентi мөлшерiнде, бiрақ двигатель көлемiнiң 1 текше сантиметрi үшiн 0,1 экю-ден кем емес, кеден бажын төлейдi, ал жасалған сәтiнен 10 жылдан астам уақыт өткен көлiк құралдарын әкелген кезде - көлiк құралының кедендiк құнының 15 процентi мөлшерiнде кеден бажын төлейдi.
Аталған тәртiп жеке тұлғаларға - Қазақстан Республикасының азаматтарына "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бос қоймалардан көлiк құралдарын берген кезде қолданылады.
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың өндiрiстiк немесе өзге коммерциялық қызметке арналған көлiк құралдарын әкелу кезiнде, мұндай тұлғалар, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес заңды тұлғалар үшiн көзделген акциздер, салықтар мен кеден алымдарын төлейдi.
Жеке тұлғалардың шетел көлiк құралдарын әкелуiнiң барлық
жағдайларында кеден алымдары Қазақстан Республикасының кеден
заңдарына сәйкес төленедi
.
ЕСКЕРТУ: 7-тармағы жаңа редакцияда жазылды - ҚРҮ-нiң
13.03.1996 ж. N 305 қаулысымен.
8. Осы Ережедегi баламалардың ұғымы:
"iлеспе құжаты бар қол жүгi" - шекара арқылы жеке тұлғалардың
өткiзетiн тауарлары;
"iлеспе құжатынсыз қол жүгi" - тасымалдау туралы (жүк түбiртегi,
жолдау қағазы, коносамент және т.б.) шарт бойынша тасымалдаушының
өткiзетiн тауарлары.
9. Жеке тұлғалардың тауарларды өткiзуiне өзге мемлекеттiк
органдардың бақылау жасауына Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес осы органдардың құзыры бойынша және рұқсатымен жол берiледi.
10. Осы Ереженiң күшi СЭҚ ТН 8703 кодымен жiктелетiн тауарлар
ретiнде кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн көлiк құралдарына
қолданылмайды.
II. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден
шекарасы арқылы өткiзетiн тауарлардың мақсаты
11. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзетiн тауарлардың мақсатын жеке тұлғаның сапарының барлық мән-жайын ескерiп және тауарлардың кеден шекарасы арқылы жеке пайдалану үшiн, немесе жеке тұлға мен оның отбасы мүшелерiнiң тұтынуы үшiн өткiзiледi деуге ешбiр негiз болмаған кезде тауарлардың сипаты, саны мен өткiзiлу жиiлiгiнен туындайтын жалпыға бiрдей халықаралық нормалар мен практикаға сәйкес кеден органының лауазымды адамы белгiлейдi.
12. Өндiрiстiк не өзге коммерциялық қызметке арналмаған тауарлар, өткiзетiн адам мен оның отбасы мүшелерiнiң пайдалануы мен тұтынуы үшiн ғана әкелiнетiн (әкетiлетiн) болса және тауарларды пайдалану кез-келген түрде табыс табумен байланысты болмаса, мұндай тауарлар өндiрiстiк не өзге коммерциялық қызметке арналмаған болып қаралады.
Тауарларды басқа мақсатта пайдалануға (сатуды, табыс табу үшiн пайдалануды қоса, кез-келген әдiспен иеленбеу және т.б.) кеден төлемдерi, акциздер, салықтар төленген және кеден заңдарымен белгiленген басқа талаптар орындалған жағдайда, кеден органының рұқсатымен жол берiледi.
13. Тауарлардың арнаулы мақсатын кеден органының лауазымды адам белгiленген кезде мынадай факторлар назарға алынады:
а) тауарлардың сипаты: тауарлардың тұтыну қасиеттерi, оларды қолдану мен пайдаланудың дәстүрлi тәжiрибесi ескерiледi. Тұрмыста әдетте пайдаланылмайтын тауарларды (мәселен, жүк автомобильдерi, станоктар, жабдық, шикiзат, жартылай даяр өнiмдер және т.б.) әкелу (әкету) тауарларды өткiзетiн адам басқаша дәлелдемесе, мұндай тауарлар коммерциялық мақсатта әкелiнедi (әкетiледi) деп ойлауға негiз болады;
б) тауарлардың саны: тауарларды өткiзетiн жеке тұлға мен оның отбасы мүшелерiнiң тұтынуынан артық мөлшердегi бiр тектi тауарлар (атауы, мөлшерi, үлгiсi, түсi және т.б.) әдетте коммерциялық мақсатта пайдалану үшiн әкелiнедi (әкетiледi);
в) тауарларды алып өту жиiлiгi: белгiлi бiр тұлға бiр тектi тауарларды аз-аздан болса да үнемi әкелетiн (әкететiн) болса, егер ол басқаша дәлелдей алмаса, бұл тауарлар коммерциялық мақсатта (әкелiнедi) әкетiледi деп қаралуы мүмкiн;
г) сапардың жағдаяттары: сапардың мақсаты, оның ұзақтығы, елде болуы (одан кетуi), тапқан валютасының сомасы және т.б. ескерiледi;
д) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлмекшi тауарлар жеке тұлғаның, не оның отбасы мүшелерiнiң жеке басына пайдалануы, не тұтынуы мақсатында емес деп ойлауға негiздемелердiң жоқтығы.
14. Тауарлардың өндiрiстiк не өзге коммерциялық қызметке арналмағанын растау мiндетi тауарларды тасымалдайтын адамға жүктеледi.
15. Жеке тұлға Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес кеден органының лауазымды адамының шешiмiне шағым жасауға құқылы.
III. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден
аумағына тауарлар әкелуi
16. Жеке тұлғалардың әкелетiн тауарларына қатысты тарифтiк және тарифтiк емес реттеудiң (экономикалық саясат шаралары), салық салудың және кедендiк ресiмдеудiң жалпы тәртiбi мен шарттары мынадай жағдайларда:
а) егер кеден органы тауарлардың өндiрiстiк не өзге коммерциялық қызметке арналғанын анықтаса;
б) егер әкелiнетiн тауарлардың жалпы құны немесе олардың саны осы Ереженiң 18-тармағының осындай артықшылық бөлiгiнде көрсетiлген квоталар мен шектеулерден асып кетсе қолданылады.
17. Жеке тұлғалар тауарларды бiр мезгiлде төмендегiдей шарттар сақталған кездегi кеден алымдарын қоспағанда:
а) әкелiнетiн тауарлар өндiрiстiк не өзге коммерциялық қызметке арналмаса;
б) тауарлардың құны 2000 АҚШ долларынан аспаса, кеден төлемдерiн төлеуден толық босатып әкеле алады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жеке тұлғалардың шет мемлекеттерде үздiксiз болуының уақытша мерзiмi 6 айдан асса, бәрiн қосқанда жалпы құны 5000 АҚШ долларына дейiн тауарлар әкелуiне болады. Шет мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға көшiп келетiн жеке тұлғалардың (бұрынғы КСР Одағы республикалары - мемлекеттерiнен басқа), бәрiн қосқанда жалпы құны 10000 АҚШ долларына дейiн тауарлар әкелуiне болады.
"Б" тармақшасында көрсетiлген құндық шектеулер бұрынғы КСР Одағы республикалары - мемлекеттерiнiң шеңберiнде жаңа тұрғылықты орынға көшуге байланысты жеке тұлғаларға - бұрынғы КСР Одағының азаматтарына, сондай-ақ белгiленген тәртiппен босқындар және көшуге мәжбүр етiлген деп танылған адамдарға қолданылмайды.
18. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелетiн акцизделетiн топтардан басқа өндiрiстiк не өзге коммерциялық қызметке арналмаған тауарларына бiрыңғай ставка бойынша мынадай жағдайда кеден құнының 30 процентi мөлшерiнде кеден баждары салынады:
а) егер жалпы құны 10000 АҚШ долларынан аспайтын тауарлар, Қазақстан Республикасының кеден аумағынан өзi өтпейтiн жеке адамның атына жiберiлсе;
б) егер тауарлардың жалпы құны осы Ереженiң 17-тармағының "б" тармақшасындағы осындай шектен асу бөлiгiнде көрсетiлген квотадан асатын болса, бiрақ 10000 АҚШ долларынан аспаса.
Қазақстан Республикасының кеден аумағынан жалпы құны 10000 АҚШ долларына асатын тауарлар қолданылып жүрген заңдармен көзделген кеден баждарын, кеден алымдары мен салықтарды төлеген жағдайда өткiзiледi.
19. Осы Ереженiң 16 және 17-тармақтарында көрсетiлген тауарлар Қазақстан Республикасы орталық кеден органының арнайы нормативтiк актiлермен белгiленген тәртiппен, ал осы Ереженiң 18-тармағында көзделген жағдайда, сондай-ақ тауарлар тасымалдайтын адамның кеден органына осы Ереженiң 1 қосымшасында келтiрiлген үлгiмен жасалынған өтiнiш беру жолымен жариялануы керек.
Кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау мақсаты үшiн жасалынған осындай өтiнiш кеден декларациясы ретiнде қаралады.
20. Өндiрiстiк не өзге коммерциялық қызметке арналмаған бiр тауар не тауарлардың бiр топтамасына (гарнитур, сервиз және т.б.) қатысты:
осы Ереженiң 17-тармағының "б" тармақшасында көрсетiлген құн шектеулерiнiң 20 процентiнен аспаса, осы Ереженiң 7-тармағында көзделген жағдайлардағы кеден алымдарынан басқа кеден баждарын төлеуден толық босату тәртiбi қолданылады;
осы Ереженiң 18-тармағында көрсетiлген құн шектеулерiнен асып кетсе, мұндай тауарлар құнының 30 процентi мөлшерiнде кеден баждарының бiрыңғай ставкасы қолданылуы мүмкiн.
21. Осы Ережеге сәйкес кеден төлемдерi мен салықтарын есептеу мен төлеу мақсатында жеке тұлғалардың жiберетiн, әкелетiн және әкететiн тауарларының кедендiк құны "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 121-бабына сәйкес айқындалады.
22. Осы Ереженiң 21-тармағында көрсетiлген әкелiнетiн тауарлардың кеден құнын, тауарлар өткiзетiн жеке адам, тиiсiнше кедендiк жүк декларациясында не осы Ереженiң 19-тармағында көрсетiлген өтiнiшiнде мәлiмдейдi. Мәлiмделген құнды растау мақсатында жеке адам кеден органына тиiстi құжаттарды (есепшоттар, чектер, анықтамалар және т.б.) ұсынады.
Кеден органы жеке адамның мәлiмдеген құнының дұрыстығы туралы шешiм қабылдауға құқылы.
Жеке адамның мәлiмдеген құнының дұрыстығын растайтын құжаттар болмаған жағдайда не мәлiмделiнген құн дұрыс емес деп ойлауға негiздеме бар болса, кеден органы әкелiнетiн тауардың кедендiк құнын "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 126-бабына сәйкес дербес анықтай алады.
Жеке адам тауардың кеден құнын анықтауға қатысты кеден органының шешiмiмен келiспесе, бұл шешiмге Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес шағым жасауға болады. Шағым қаралған кезде кеден органының жоғары тұрған лауазымды адамы не жоғары тұрған кеден органы сараптауды өткiзудi тағайындауға құқылы.
23. Сертификаттауға жататын және өндiрiстiк не өзге коммерциялық қызметке арналмаған тауарлар жөнiнде сертификатты көрсету талап етiлмейдi.
24. Кеден мақсаттарында қажеттi құжаттар мен қосымша мәлiметтердi кеден декларациясымен бiрге бiр мезгiлде көрсетпеген не кеден төлемдерi мен салықтарды төлемеген жағдайда жеке тұлғалардың әкелетiн тауарлары, кеден органдары иесi болып табылатын, уақытша сақтау қоймаларына орналастырылады, бұл орайда тауарларды сақтағаны үшiн кеден алымын кеден органдары белгiленген тәртiппен төлейдi.
Кедендiк ресiмдеу жүргiзетiн кеден органының рұқсатымен тауарлар тауар иелерi басқа адамдар болып табылатын уақытша сақтау қоймаларына орналастырылуы мүмкiн.
Жеке тұлғалардың әкелетiн тауарларын уақытша сақтау қоймаларында сақтаудың шектеулi мерзiмi екi ай.
Белгiленген мерзiм аяқталған соң тауарлар Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген басқа режимге ауыстырылады, не кеден органы оған Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа шаралар қолдануға құқылы.
IҮ. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден
аумағынан тауарларды әкетуi
25. Жеке тұлғалардың әкететiн тауарларына қатысты тарифтiк емес реттеудiң (экономикалық саясат шаралары), салық салу не кедендiк ресiмдеудiң жалпы тәртiбi мен шарттары мынадай жағдайларда:
а) егер кеден органы тауарлардың өндiрiстiк не өзге коммерциялық қызметке арналғанын анықтаса;
б) егер әкетiлетiн тауарлардың жалпы құнын не саны осы Ереженiң 28-тармағында көрсетiлген квоталар мен шектеулердiң, осыған қатысты бөлiгiндегiден асып кетсе қолданылады.
26. Жеке тұлғалар тауарларды осы Ереженiң 7-тармағында көзделген кеден алымдарын қоспағанда мынадай шарттарды бiр мезгiлде сақтай отырып:
а) әкетiлетiн тауарлар өндiрiстiк не өзге коммерциялық қызметке арналмаса;
б) әкетiлетiн тауарлардың саны осы Ереженiң 2 қосымшасында көзделген шектеулерден аспаса;
в) тауарлар құны 1000 АҚШ долларынан аспаса, кеден баждарын төлеуден толық босатып әкете алады.
Шет елдерге (бұрынғы КСР Одағы республикалары-мемлекеттерiнен басқа) тұрақты тұруға Қазақстан Республикасынан қоныс аударатын жеке тұлғалар жалпы құны 10000 АҚШ долларынан аспайтын тауарларды әкете алады.
"В" тармақшасында көрсетiлген құндық шектеулер жеке тұлғаларға - бұрынғы КСР Одағы республикалары-мемлекеттерi шегiнде жаңа тұрақты тұру орнына қоныс аударуына байланысты тауарлар әкететiн бұрынғы КСР Одағы азаматтарына, сондай-ақ белгiленген тәртiппен босқындар және қоныс аударуға мәжбүр етiлген деп танылған тұлғаларға қолданылмайды.
27. Жеке тұлғалар әкететiн өндiрiстiк не өзге коммерциялық қызметке арналмаған тауарларға мынадай жағдайларда:
а) егер тауарлардың саны осы Ереженiң 2 қосымшасында көзделiнген шектеулердiң осындай бөлiгiндегiден асып кетсе;
б) тауарлардың жалпы құны осы Ереженiң 26-тармағының "в" тармақшасында көрсетiлген квотаның осындай бөлiгiндегiден асып кетсе;
в) егер жеке тұлға тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өзiнiң алып жүруiнсiз салып жiберсе, бiрыңғай ставка бойынша кеден құнының 60 процентi мөлшерiнде кеден баждары салынады.
28. Осы Ереженiң 27-тармағында көрсетiлген тауарлар Қазақстан Республикасы орталық кеден органының арнайы нормативтi актiлерiмен белгiленген тәртiппен кеден органына тауарларды өткiзетiн адамның осы Ереженiң 1 қосымшасында келтiрiлген нысан бойынша жасалынған өтiнiшiн ұсыну жолымен жариялануы керек.
Кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау мақсатындағы мұндай өтiнiш кеден декларациясы ретiнде қаралады.
29. Өндiрiстiк не өзге коммерциялық қызметке арналмаған бiр тауар топтамасына (гарнитур, сервиз және т.б.) қатысты:
осы Ереженiң 26-тармағының "в" тармақшасында көрсетiлген құндық шектеулердiң 20 процентiнен аспаса, осы Ереженiң 7-тармағында көзделген жағдайлардағы кеден алымдарынан басқа, кеден бажын төлеуден толық босату қолданылады;
осы Ереженiң 26-тармағында көрсетiлген құндық шектеулер асып кетсе, осындай тауарлар құнының 60 процентi мөлшерiнде кеден бажының бiрыңғай ставкасы қолданылады.
30. Осы Ережеге сәйкес кеден төлемдерiн есептеу мен төлеу мақсатында Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетiлетiн (оның iшiнде салып жiберiлетiн) тауарлардың кедендiк құны "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес айқындалады.
Ү. Жеке тұлғалардың тауарларды уақытша әкелуi (әкетуi)
31. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өтетiн кезде, осы Ереженiң 7-тармағында қарастырылған жағдайлардағы кеден алымдарынан басқа, кеден баждарын төлемей Қазақстан Республикасы аумағында (уақытша болатын елiнде) жеке басына пайдалану үшiн осы тұлғаларға қажеттi, өндiрiстiк не өзге коммерциялық қызметке арналмаған тауарларды уақытша әкеле (әкете) алады.
Осындай тауарлардың тiзбесi осы Ереженiң 3 қосымшасында келтiрiлген.
32. Жеке тұлғалардың тауарларды оңайлатылған, жеңiлдiктi тәртiбiмен уақытша әкелуiне (әкетуiне) жолсапардың мақсаты мен өзге де жағдайлары (ұзақтығы, маусымы және т.б.) ескерiлiп жеке тұлғаның Қазақстан Республикасы аумағында (уақытша болатын елiнде) iс жүзiнде болуынан аспайтын мерзiмге кеден органының рұқсатымен жол берiледi.
33.Уақытша әкелiнетiн (әкетiлетiн) тауарлардың керi қайтарылмауы мүмкiн деуге негiздеме бар болса, кеден органы тауарларды уақытша әкелуге (әкетуге) осы Ережеде көзделген барлық кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу қамтамасыз етiлген жағдайда ғана рұқсат бередi.
ҮI. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы
тауарларды халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзу
34. Өндiрiстiк не өзге коммерциялық қызметке арналмаған, Қазақстан Республикасының кеден аумағына жеке тұлғаның мекен-жайына халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен жiберiлетiн, жалпы құны 200 АҚШ долларынан асатын заттарға осы мөлшерден асып кететiн бөлiгiнде олардың кеден құнының 30 процентiне тең бiрыңғай ставка бойынша кеден баждары есептеледi.
35. Өндiрiстiк не өзге коммерциялық қызметке арналмаған, жеке тұлғаның шетелге халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен жiберетiн, жалпы құны 200 АҚШ долларына тең сомадан асатын заттарға осы мөлшерден асып кететiн бөлiгiнде олардың кеден құнының 60 процентi мөлшерiнде бiрыңғай ставка бойынша кеден баждары салынады.
36. Жеке тұлғалардың халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен
жiберетiн тауарларына қатысты кеден баждарын салудың жалпы тәртiбi
мынадай жағдайларда:
а) егер кеден органы тауарлардың өндiрiстiк не өзге коммерциялық
қызметке арналмағанын анықтаса;
б) егер әкелiнетiн және әкетiлетiн тауарлардың жалпы құны осы
Ереженiң 34 және 35-тармақтарында көрсетiлген квотадан сондай
бөлiгiнде асып кетсе қолданылады.
Қазақстан Республикасының Почта ережелерiне және Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес осындай жолмен жiберуге тиым
салынған халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен жiберiлетiн заттарды
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзуге болмайды.
1-қосымша
______________________________________________________________
(кеден органының атауы)
______________________________________________________________
(тауар өткiзетiн адамның тегi, аты-жөнi, әкесiнiң аты)
______________________________________________________________
(жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлiметтер)
ӨТIНIШ
Мен кеден төлемдерi
мен акциздер төлеуге жататын тауарлар әкелемiн\әкетемiн:
___________________
қажетсiзi сызылады
____________________________________________________________________
і і і Акциздер і Баждар і ҚҚС
Атауы і Саны і Тауар і______________і_____________і______
і і құны іставкаі сома і ставкаісома і сома
____________________________________________________________________
1.
2.
3.
4.
5.
және т.б.
___________________________________________________________________
Барлығы:_______________
199_ж. "__" _____ төлеушi_______________
инспектор:_______________
жеке мөр орны
2-қосымша
Шектелген мөлшерде кеден баждарын төлемей
әкетiлуi мүмкiн тауарлардың*
ТIЗБЕСI
_______________________________________________________________
N і СЭҚ ТН бойынша і Тауардың атауы і Саны
і тауар коды і і (бiр адамға)
_______________________________________________________________
1 03, 1604, 160510000- Балық және шаян 5 кг брутто
160540000 тобы тәрiздестер (бекiре
және қызыл балық
уылдырығынан басқа)
2 160430100 Бекiре уылдырығы 280 г
(қара)
3 160430900 Қызыл балық уылдырығы 280 г
(қызыл)
4 3004 Дәрi-дәрмектер әр атаудың
бөлшек сауда
үшiн арнайы
нысандағы
1 қорабы
5 7415,0750800,7612, Түрлi-түстi металдан салмағы 20 кг
7616, 800700000, тұрмыстық бұйымдар артық емес
8101-8108, 811000,
811100, 811300
6 7113-7116, 900319100, Зергерлiк және өзге 5 зат жалпы
9101, 911310100, бұйымдар мен бағалы салмағы 30 г
960810300, металдардан жасалған көп емес
960839100, 7116, олардың бөлiктерi (алтын және
960200000 не бағалы металл платина
(тек жақұттан) жағылған бөлiктерi: бұйымдары
асыл немесе жартылай үшiн немесе
асыл тастардан 120 г-күмiс
жасалған iнжу (табиғи, бұйымдары
жасанды не қалпына үшiн)
келтiрiлген)
7 271000330, 271000350, Моторлы көлiк құралдары зауыттық
271000590, 27100690 үшiн отын (бензин, сыйымды отынды
дизель отыны) санамағанда
өзi жүретiн
моторлы көлiк
құралдарының
әрқайсысына 20 л
Ескерту
Тауарлар ТН кодтарымен, сондай-ақ тiзбеде
келтiрiлген атаулармен де айқындалады.
3 ҚОСЫМША
Кеден төлемдерiн төлемей уақытша әкелуге (әкетуге) жол
берiлетiн, адамның жеке қолдануына арналған тауарлардың
ТIЗБЕСI
1. Киiм
2. Әтiр-сабындар
3. Жеке зергерлiк бұйымдар
4. Фото және кинокамералар керектi мөлшердегi пленкаларымен және
оған керектi жарақтарымен қоса
5. Портативтi слайд және кинопроекторлар, оларға керектi
мөлшерде слайдтар мен фильмдер
6. Бейнекамералар және алып жүретiн бейнетаспалар керектi
мөлшердегi пленкаларымен қоса
7. Портативтi музыка аспаптары
8. Портативтi күйтабақ ойнатқыштар грампластинкаларымен бiрге
9. Портативтi дыбыс жазатын және шығаратын аспап (диктофонды
қоса) пленкаларымен бiрге
10. Портативтi радиоқабылдағыштар
11. Портативтi теледидарлар
12. Портативтi жазу машинкалары
13. Портативтi калькуляторлар
14. Портативтi дербес компьюторлар
15. Дүбiрлер
16. Балалар коляскалары
17. Мүгедектерге арналған коляскалар
18. Спорт жабдықтары: палаткалар және басқа да туристiк
жабдықтар, балық аулау құралдары, альпинистердiң құрал-жабдықтары, су
астында жүзу жабдықтары, құралдарымен қоса спорттық қару,
велосипедтер, байдаркалар, ұзындығы 5,5 метрге дейiн каноэ не
каяктар, шаңғылар, теннис ракеткалары, серфинг және виндсерфинг үшiн
тақтайлар, гольф жабдықтары, планерлер, дельтапландар
19. Портативтi диализаторлар және сол секiлдi медицина
аспаптары, сондай-ақ оларға жұмсалатын материалдар
20. Адамның жеке қолдануына ғана арналған өзге де тауарлар.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 2 қарашадағы
N 1440 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Жеке тұлғалардың көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының
кеден шекарасы арқылы өткiзуiнiң тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткiзетiн сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының (СЭҚ ТН) 8703 коды бойынша топтастырылған көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелу және осы аумақтан әкету тәртiбiн белгiлейдi.
2. Осы Ережеде көзделгеннен басқа жағдайда жеке тұлғалардың көлiк құралдарын өткiзуi Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды өткiзу үшiн белгiленген тәртiбiне қатысты олардың кеден режимдерiне сәйкес жүзеге асырылады.
3. СЭҚ ТН 8703-ден өзгеше коды бойынша топтастырылған көлiк құралдарын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы қаулысымен бекiтiлген Жеке тұлғалардың тауарларды өткiзу тәртiбi туралы ережеге және Қазақстан Республикасының орталық кеден органының басқа да нормативтiк актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкеледi және осы аумақтан әкетедi.
4. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар:
көлiк құралдары - СЭҚ ТН 8703 коды бойынша топтастырылған жеңiл автомобильдер мен өзге де моторлы көлiк құралдары;
шетел көлiк құралдары - бұрынғы КСР Одағы республикалары мемлекеттерiнен басқа, шетел мемлекетi шыққан елi болып табылатын көлiк құралдары;
жаңа көлiк құралдары - пайдалану мерзiмi бiр жылға дейiнгi немесе 20 мың километрге дейiн жол жүрiп өткен көлiк құралдары.
5. Жеке тұлғалар көлiк құралдарын (Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған көлiк құралдарын қоспағанда):
көлiк құралдарын әкелудi Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жүретiн адам жүзеге асырғанда;
көлiк құралдарын декларациялағанда;
кеден төлемдерiн төлегенде;
Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген өзге де талаптарды орындаған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкеле алады және осы аумақтан әкете алады.
6. Көлiк құралдарының бөлшектерi (оның iшiнде босалқы бөлшектер) мен тетiктерiн жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген Жеке тұлғалардың тауарларды өткiзу тәртiбi туралы ережеге және Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарларды өткiзуiне қатысты Қазақстан Республикасы орталық кеден органының басқа да нормативтiк актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкеледi және осы аумақтан әкетедi.
II. Қазақстан Республикасының кеден аумағына
шетел көлiк құралдарын әкелу
7. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағына өндiрiстiк немесе өзге коммерциялық қызметке арналмаған шетел көлiк құралдарын әкелетiн кезiнде мұндай тұлғалар Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысымен бекiтiлген әкелiнетiн тауарларға кеден баждарының ставкалары бойынша кеден баждарын және Қазақстан Республикасы кеден заңдарына сәйкес кеден алымдарын төлейдi.
Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден аумағына өндiрiстiк немесе өзге коммерциялық қызметке арналған көлiк құралдарын әкелген кезде мұндай тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген кеден заңдарына сәйкес кеден баждарын,акциздердi, салықтар мен кеден алымдарын төлейдi.
8. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жеке тұлғалардың шетел мемлекеттерiнде (КСР Одағының бұрынғы республикаларынан - мемлекеттерiнен басқа) үздiксiз уақытша тұру мерзiмi алты айдан асса, көлiк құралы бiр жыл iшiнде иелiктен алынбаса, бiр көлiк құралын кеден төлемдерiн төлемей әкеле алады.
9. Осы Ереженiң 8-тармағында аталған жеке тұлғалар көлiк құралын өндiрiстiк немесе коммерциялық қызметке пайдаланбаса не осы тұлғаның отбасы мүшесiне пайдалануға берудi қоспағанда, басқа тұлғаның иелiгiне бермеген жағдайда үздiксiз болу мерзiмiне қарамастан демалыс немесе iссапар мерзiмiне, бiрақ екi айдан аспайтын мерзiмге, шетел мемлекетiнде тiркелген бiр көлiк құралын кеден төлемiн төлемей уақытша әкеле алады.
10. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жеке тұлғалар, шет елдерге жүзетiн теңiз кемелерiнде жұмыс iстейтiндер және шет елге үнемi ұшуды жүзеге асыратын қазақстандық әуе кемелерi экипаждарының мүшелерi мынадай шарттарды орындағанда бiр күнтiзбе жылында:
көлiк құралы өндiрiстiк немесе коммерциялық қызмет үшiн пайдаланылмайтын болса;
әкелу кезiнен бастап екi жыл iшiнде отбасының мүшесiне берiлуiн қоспағанда, көлiк құралы иелiгiнен алынбаса немесе басқа тұлғаның иелiгiне берiлмесе, бiр көлiк құралын кеден төлемдерiн төлемей әкеле алады.
11. Осы Ереженiң 8-9-тармақтарында көрсетiлген көлiк құралдарын өзге мақсаттарға пайдалануға, оларды осы Ереженiң 8-9-тармақтарында аталмаған тұлғалардың пайдалануына белгiленген мерзiм өткенше беруге, сондай-ақ иелiгiнен алуға немесе белгiленген мерзiм өткенше осындай көлiк құралдарын иелiкке беруге, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысымен бекiтiлген әкелiнетiн тауарларға кеден баждарының ставкалары бойынша кеден баждарын және Қазақстан Республикасы кеден заңдарына сәйкес кеден алымдары мен салықтарын төлеген жағдайда, кеден органының рұқсатымен жол берiледi.
12. Қазақстан Республикасына шетел мемлекеттерiнен (бұрынғы КСР Одағының республикаларын-мемлекеттерiн қосқанда) тұрақты тұруға көшiп келген жеке тұлғалар, сондай-ақ белгiленген тәртiппен босқындар және қоныс аударуға мәжбүр болғандар деп танылған тұлғалар бiр көлiк құралын кеден төлемдерiн төлемей әкеле алады.
13. Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тұрақты тұратын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында тұру мерзiмi бiр жылдан аспайтын болса, осы мерзiм iшiнде осы тұлғаның отбасы мүшесiнiң пайдалануына берудi қоспағанда, осындай көлiк құралы өндiрiстiк немесе коммерциялық қызметке пайдаланылмайтын және басқа тұлғаға пайдалануға не иелiгiне берiлмейтiн жағдайда кеден төлемдерiн төлемей шетел мемлекетiнде тiркелген (КСР Одағының бұрынғы республикаларын-мемлекеттерiн қосқанда) бiр көлiк құралын уақытша әкеле алады.
14. Осы Ереженiң 13-тармағында көрсетiлген көлiк құралдарын өзге мақсаттарда пайдалануға, оларды осы Ереженiң 13-тармағында көрсетiлмеген тұлғалардың пайдалануына беруге, сондай-ақ иелiгiнен алу немесе осындай көлiк құралдарын иелiгiне беруге жиынтықты кеден төлемiн төлеген және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделiнген кеден төлемдерi мен салықтарын төлеген жағдайда кеден органының рұқсатымен жол берiледi.
III. Ресей немесе КСР Одағының бұрынғы
республикалары-мемлекеттерi шыққан елi болып табылатын
көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелу
15. Ресей Федерациясы немесе Беларусь Республикасы шыққан елi болып табылатын көлiк құралдары Ресейден әкелiнгенде олар Кеден одағы туралы Келiсiмге сәйкес кедендiк ресiмдеуге жатқызылады.
16. Жеке тұлғалар КСР Одағының бұрынғы республикалары-мемлекеттерi, шыққан елi болып табылатын көлiк құралдарын, сондай-ақ Ресей Федерациясы шыққан елi болып табылатын және алыс шет елдерден Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн көлiк құралдарын кеден төлемдерiн төлемей мынадай жағдайда:
бiр күнтiзбелiк жыл iшiнде жеке тұлға бiр көлiк құралын әкелсе;
көлiк құралын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн тұлға әкелсе;
әкелу кезiнен бастап бiр жыл iшiнде көлiк құралы иелiктен алынбаса немесе басқа тұлғаның иелiгiне берiлмесе;
әкелу кезiнен бастап бiр жыл iшiнде отбасының мүшесiне пайдалануға беруiн қоспағанда, көлiк құралы басқа тұлғаның иелiгiне берiлмесе, әкеле алады.
17. Осы Ереженiң 16-тармағында көрсетiлген көлiк құралдарын өзге мақсаттарда пайдалануға, осы Ереженiң 16-тармағында аталмаған тұлғалардың пайдалануына оларды беруге, белгiленген мерзiм өткенше, сондай-ақ иелiгiнен алу немесе осындай көлiк құралдарын иелiгiне беруге, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi бекiткен әкелiнетiн тауарларға кеден баждарының ставкалары бойынша кеден баждары және Қазақстан Республикасы кеден заңдарына сәйкес келген алымдары мен салықтары төленген жағдайда, кеден органының рұқсатымен жол берiледi.
IҮ. Көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының
кеден аумағынан әкету
18. Жеке тұлғаның, қайта салып жiберуiн қосқанда, көлiк құралдарын Қазақстан Республикасынан кез келген әдiспен әкетуi, егер жеке тұлғаның бiр көлiк құралын бiр күнтүзбелiк жыл iшiнде кеден адамдарын төлей отырып әкетсе, кеден төлемдерiн төлемей жүзеге асырылады.
Көлiк құралын әкетудiң аталған шарты сақталмаған жағдайда, егер меншiктiлiк құқығы бiр тұлғадан екiншi тұлғаға ауысса, жеке тұлға бiрыңғай (арнайы) ставка бойынша қозғалтқыш көлемiнiң 1 текше сантиметрi үшiн 1 экю мөлшерiнде кеден төлемдерiн төлейдi.
19. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы аумағында тiркелген бiр көлiк құралын Қазақстан Республикасы кеден аумағына осы көлiк құралын керi әкелетiн жағдайда шетелде болған мерзiмiне, бiрақ бiр жылдан аспайтын уақытта, кеден бажын төлемей шетелге уақытша әкете алады.
Көлiк құралын әкетудiң көрсетiлген шарты сақталмаған жағдайда жеке тұлға бiрыңғай (арнайы) ставка бойынша қозғалтқыш көлемiнiң 1 текше сантиметрi үшiн 1 экю мөлшерiнде кеден төлемдерiн төлейдi.
Ү. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке
тұлғалардың өткiзетiн көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу
20. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың өткiзетiн көлiк құралдары Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткен кезден бастап 15 күн iшiнде осы Ереженiң 1 қосымшасында келтiрiлген Т-6\АС нысанындағы декларацияны кеден органына түсiру жолымен оңайлатылған тәртiппен жария етуге жатады.
21. Белгiленген нысандағы кеден декларациясымен бiрге көлiктiк және тауарға iлеспе құжаттар, сондай-ақ кедендiк ресiмдеуге және кеден бақылауын жүргiзуге қажеттi өзге де құжаттар, кеден органына түсiрiледi.
22. Осы Ережеге сәйкес кеден төлемдерiн есептеу мен төлеу мақсаттары үшiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн көлiк құралдарының кедендiк құны Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының 121-бабына сәйкес белгiленедi.
23. Кеден құнын көлiк құралдарын өткiзетiн жеке тұлға кеден декларациясында мәлiмдейдi. Мәлiмденген құнын растау мақсатында жеке тұлға кеден органына құжаттарды (шоттарды, чектердi, анықтамаларды және т.б.) түсiредi.
Кеден органы жеке тұлға мәлiмдеген көлiк құралдарының құнының дұрыстығы туралы шешiм қабылдауға қақылы.
Жеке тұлға көлiк құралдарының құнын анықтау жөнiндегi кеден органының шешiмiмен келiспеген жағдайда Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес бұл шешiмге шағым берiлуi мүмкiн.
24. Көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу үшiн 15-экю-ге парапар сомасындағы Қазақстан Республикасындағы валютасында, кедендiк алымдар, сондай-ақ бұл үшiн белгiленген орыннан тыс жерде және кеден органдарының жұмысынан тыс уақытта кедендiк ресiмдеу жасалғанда, сол мөлшерде қосымша алымдар алынады.
25. Кеден мақсаттарында қажеттi белгiленген нысандағы құжаттар мен қосымша мәлiметтер кеден декларациясымен қоса бiр мезгiлде түсiрiлмеген немесе кеден төлемдерi мен салықтарын төлемеген жағдайда жеке тұлғалардың әкелетiн көлiк құралдары уақытша сақтау қоймаларына орналастыруға жатқызылады.
Жеке тұлғалардың әкелетiн көлiк құралдарын уақытша сақтаудың
шектi мерзiмi белгiленген нысандағы кеден декларациясын кеден
органына түсiрген сәттен бастап екi ай болады.
Белгiленген мерзiм өткен соң, көлiк құралы не Қазақстан
Республикасының кеден заңдарында көзделiнген өзге режимге
мәлiмделiнедi, не кеден органы Қазақстан Республикасының кеден
заңдарында көзделiнген санкцияларды қолдануға құқылы.
26. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен осы
Ережедегiден өзге ережелер белгiленген болса, онда халықаралық
шарттың ережелерi қолданылады.
1-ҚОСЫМША
Т-6\АС нысаны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
КЕДЕН ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
Мен____________________________________________________________
(тегi, аты-жөнi, тұрғылықты жерi, жеке басын
_______________________________________________________________
куәландыратын құжат туралы мәлiметтер)
маркалы_______________автомобильдi әкелемiн (әкетемiн)_________
_______________________________________________________________
қозғалтқыштың N__________мен көлемi____________________________
шасси N_________________қорап N________________________________
тiркелген нөмiрi_______________________________________________
_____________________________________________________мақсатында
(жеке пайдалануға, коммерциялық мақсатқа,
_______________________________________________________________
уақытша әкелу/әкету, жөндеу және т.б.)
Кедендiк құны__________________________________________________
Ұсынылған құжаттар_____________________________________________
_______________________________________________________________
Кеден органының белгiлерi______________________________________
_______________________________________________________________
Күнi, айы, жылы _______________________
(тегi, аты-жөнi, қолы)