Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн акциздеуге жататын
тауарларға және құмар ойындар бизнесiне арналған акциздердiң
ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 14 шiлдедегi N 974 қаулысының қосымшасына /Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 281-құжат/ мынадай
өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
"Шараптар" жолындағы "0,2" цифрлары
"0,3" цифрларымен алмастырылсын;
"Шарап материалдары" жолындағы "0,2"
цифрлары "0,1" цифрларымен алмастырылсын;
"Өңделген және өңделмеген мех терiлерi
/көртышқан, үй қояны, ит, бұғы, қой
терiсiнен басқа/" жолындағы "50" цифры
"20" цифрымен алмастырылсын;
"Өңделген және өңделмеген мех терiлерi..."
жолы мынадай жолдармен толықтырылсын:
"Өңделген және өңделмеген қаракөл терiлерi 7
Пәлтенi, қысқа пәлтенi, жакеттi, желбегейдi,
палантиндi, боаны, шарфты, бас киiмдi, жағаны,
тонды, пластиндi қоса алғанда қаракөлден
жасалған бұйымдар 10
Өңделген қаракөлдi қолдана отырып жасалған
пәлте, қысқы пәлте, жакет, желбегей 10
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi