"Семей" мемлекеттiк университетiн құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 13 қарашадағы N 1518

      Жоғары бiлiм берудi одан әрi жетiлдiру және ғылыми-педагогикалық әлеуеттi тиiмдi пайдалану, оқу орындарының материалдық-техникалық базасын дамыту және экологиялық жағынан қолайсыз аймақ Семей облысының жоғары бiлiктi мамандарға қажетiн неғұрлым толық қамтамасыз ету, сондай-ақ көп деңгейлi құрылым бойынша мамандар даярлауға көшуге байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң Семей облысының әкiмiмен, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсiлген Шәкәрiм атындағы Семей педагогикалық институтын, Семей зооветеринарлық институтын, Семей ет және сүт өнеркәсiбi технологиялық институтын таратып, олардың базасында "Семей" мемлекеттiк университетiн құрып, оның құрамына Семей политехникалық колледжiн, Семей педагогикалық колледжiн, Семей музыкалық колледжiн және Семей агробизнес колледжiн олардың заңдық және қаржылық дербестiгiн сақтап, қосу туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Семей облысының әкiмiне "Семей" мемлекеттiк университетiне жергiлiктi бюджеттiң есебiнен қосымша қаржы бөлудi қамтамасыз ету, оның материалдық-техникалық базасын жақсарту, шақырылған жоғары бiлiктi мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнiнде пәрмендi шаралар қабылдау тапсырылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi "Семей" мемлекеттiк университетiнiң Жарғысын және құрылымын бекiтсiн, мамандықтар тiзбесiн айқындасын, тиiстi әдiстемелiк қамсыздандыруды ұйымдастырсын, сондай-ақ жаңадан құрылған университеттiң жоғары бiлiктi мамандармен жасақталуына көмек көрсетсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Семей" мемлекеттiк университетiнiң таратылған жоғары оқу орындарына бөлiнген қаражат шегiнде қаржыландыруын қамтамасыз етсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi


О создании Государственного университета "Семей"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 ноября 1995 г. N 1518

      В целях дальнейшего совершенствования высшего образования и эффективного использования научно-педагогического потенциала, развития материально-технической базы учебных заведений и более полного обеспечения потребностей экологически неблагоприятного региона Семипалатинской области в высококвалифицированных специалистах, а также в связи с переходом на подготовку специалистов по многоуровневой структуре Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Принять предложение Министерства образования Республики Казахстан, согласованное с акимом Семипалатинской области, Министерством экономики и Министерством финансов Республики Казахстан, о ликвидации Семипалатинского педагогического института имени Шакарима, Семипалатинского зооветеринарного института, Семипалатинского технологического института мясной и молочной промышленности и создании на их базе Государственного университета "Семей", с включением в его состав Семипалатинского политехнического колледжа, Семипалатинского педагогического колледжа, Семипалатинского музыкального колледжа и Семипалатинского колледжа агробизнеса с сохранением их юридической и финансовой самостоятельности.
      2. Поручить акиму Семипалатинской области обеспечить выделение дополнительных ассигнований за счет местного бюджета Государственному университету "Семей", принять действенные меры по улучшению его материально-технической базы, обеспечению жильем приглашенных высококвалифицированных специалистов.
      3. Министерству образования Республики Казахстан утвердить Устав и структуру Государственного университета "Семей", определить перечень специальностей, организовать соответствующее методическое обеспечение, а также оказать помощь в укомплектовании вновь созданного университета высококвалифицированными специалистами.
      4. Министерству финансов Республики Казахстан обеспечить финансирование Государственного университета "Семей" в пределах ассигнований, выделявшихся ликвидированным вузам.
     Премьер-Министр
   Республики Казахстан