1. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң Семей облысының әкiмiмен, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсiлген Шәкәрiм атындағы Семей педагогикалық институтын, Семей зооветеринарлық институтын, Семей ет және сүт өнеркәсiбi технологиялық институтын таратып, олардың базасында "Семей" мемлекеттiк университетiн құрып, оның құрамына Семей политехникалық колледжiн, Семей педагогикалық колледжiн, Семей музыкалық колледжiн және Семей агробизнес колледжiн олардың заңдық және қаржылық дербестiгiн сақтап, қосу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Семей облысының әкiмiне "Семей" мемлекеттiк университетiне жергiлiктi бюджеттiң есебiнен қосымша қаржы бөлудi қамтамасыз ету, оның материалдық-техникалық базасын жақсарту, шақырылған жоғары бiлiктi мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнiнде пәрмендi шаралар қабылдау тапсырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi "Семей" мемлекеттiк университетiнiң Жарғысын және құрылымын бекiтсiн, мамандықтар тiзбесiн айқындасын, тиiстi әдiстемелiк қамсыздандыруды ұйымдастырсын, сондай-ақ жаңадан құрылған университеттiң жоғары бiлiктi мамандармен жасақталуына көмек көрсетсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Семей" мемлекеттiк университетiнiң таратылған жоғары оқу орындарына бөлiнген қаражат шегiнде қаржыландыруын қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi