Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Мемлекеттiк почтасын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанындағы Почта байланысының республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына айналдыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 13 қарашадағы N 1521

      Мемлекеттiк және шаруашылық басқару функцияларын ажырату, мемлекеттiк почта жүйесiн одан әрi жетiлдiру, меншiктi қаржы ресурстарын шоғырландыру, Қазақстан Республикасының почталық байланыс кәсiпорындарының қызметiн үйлестiру мақсатында және "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заң күшi бар  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Мемлекеттiк почтасы, шаруашылық жүргiзу құқығымен Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанындағы Почта байланысының республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына (бұдан әрi - Кәсiпорын) айналдырылсын.

      2. Кәсiпорын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Мемлекеттiк почтасының құқықтық мұрагерi болып табылады. 

      3. Кәсiпорынды Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi тағайындайтын бас директор басқарады. Бас директорға Кәсiпорынның құрылымын және оның штаттық кестесiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес дербес белгiлеу құқығы берiлсiн. 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджетке тиiсiнше өзгертулер енгiзсiн.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың 1-абзацы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 1999.06.17. N 794  қаулысымен .

      4. Почта байланысының аумақтық және басқа мемлекеттiк кәсiпорындары қоса берiлiп отырған қосымшаға сәйкес, еншiлес кәсiпорынның құқығымен Кәсiпорынға тiкелей бағынады деп белгiленсiн. 

      5. Почта жiберiлiмдерiнiң өңдеу, тасымалдау және жеткiзу технологиялық процесiн ажыратуға болмайтынын ескерiп, олардың өндiрiстiк процеске қатысу үлесiне қарай ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк еншiлес кәсiпорындардың табыстарын қайта бөлу және табыс салығы жөнiнде Кәсiпорынға республикалық бюджетпен есеп айырысуларды орталықтандырылған тәртiппен жүргiзудi жүзеге асыруға рұқсат берiлсiн.

      6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлiгi екi ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанындағы Почта байланысы республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның Жарғысын бекiтiп, Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Мемлекеттiк почтасын қайта құруға байланысты ұйымдастыру және басқа да шараларды жүргiзсiн. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң        
1995 жылғы 13 қарашадағы  
N 1521 қаулысына      
қосымша       

Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанындағы Почта байланысы республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның құрамына еншiлес кәсiпорын құқымен енген кәсiпорындардың
Тiзбесi

      1-25. <*> 
      26. <*>
      27. <*>
      28. "Поштажабдықтау" мемлекеттiк почта кәсiпорындарын
          материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудiң
          Алматы базасы

      29. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 29-жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 1997.06.11. N 950  қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 26-жол алып тасталды - ҚР Үкіметінiң 1998.10.16. N 1049  қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 1-25,27,29-жолдар алып тасталды - ҚР Үкіметінiң 1999.05.27. N 661  қаулысымен .

О преобразовании Государственной почты Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан в Республиканское государственное предприятие почтовой связи при Министерстве транспорта и коммуникаций Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 ноября 1995 г. N 1521

     В целях разделения функций государственного и хозяйственного управления, дальнейшего совершенствования системы государственной почты, концентрации собственных финансовых ресурсов и координации деятельности предприятий почтовой связи Республики Казахстан и в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, от 19 июня 1995 г. N 2335 Z952335_  "О государственном предприятии" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Преобразовать Государственную почту Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан в Республиканское государственное предприятие почтовой связи при Министерстве транспорта и коммуникаций Республики Казахстан на праве хозяйственного ведения (в дальнейшем - Предприятие).
      2. Предприятие является правопреемником Государственной почты Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан.
      3. Возглавляет Предприятие генеральный директор, назначаемый Министром транспорта и коммуникаций Республики Казахстан. Генеральному директору предоставить право самостоятельно устанавливать структуру Предприятия и его штатное расписание в соответствии с действующим законодательством.
      Министерству финансов Республики Казахстан внести соответствующие изменения в республиканский бюджет. <*>
      Сноска. Пункт 3 - с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 17 июня 1999г. N 794 P990794_  .
      4. Установить, что в непосредственное подчинение Предприятия входит территориальные и другие государственные предприятия почтовой связи на правах дочерних согласно приложению.
      5. Учитывая неразрывность технологического процесса обработки, перевозки и доставки почтовых отправлений разрешить Предприятию осуществлять перераспределение доходов подведомственных государственных дочерних предприятий, в зависимости от их долевого участия в производственном процессе, и ведение централизованного порядка расчетов с республиканским бюджетом по подоходному налогу.
      6. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан в двухмесячный срок утвердить Устав Республиканского государственного предприятия почтовой связи при Министерстве транспорта и коммуникаций Республики Казахстан и провести организационные и другие мероприятия, связанные с преобразованием Государственной почты Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан.

    Премьер-Министр
  Республики Казахстан

                                       Приложение
                              к постановлению Правительства
                                    Республики Казахстан
                                от 13 ноября 1995 г. N 1521

                              ПЕРЕЧЕНЬ
                       предприятий, входящих
                     в состав Республиканского
                    государственного предприятия
                  почтовой связи при Министерстве
                транспорта и коммуникаций Республики
                    Казахстан на правах дочерних <*>

     Сноска. Перечень дополнен - постановлением Правительства РК от 11 июня 1997 г. N 950. Внесены изменения - постановлением Правительства РК от 16 октября 1998 г. N 1049   P981049_ ; постановлением Правительства РК от 27 мая 1999 г. N 661   P990661_  .

    28. Алматинская база материально-технического обеспечения
        предприятий Государственной почты "Почтаснаб"