"Қазбаспасөз" көтерме-бөлшек сауда агенттiгi" мемлекеттiк еншiлес кәсiпорнын "Қазбаспасөз" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны етiп қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 16 қазандағы N 1049

      Мерзiмдi басылымдарға жазылуды ұйымдастыру, оларға тапсырысты қалыптастыру және оларды тұтынушыға жеткiзу жүйесiн оңтайландыру, газеттер мен журналдарды шығару, тарату және сату жөнiндегi бiрыңғай өндiрiстiк-басқару кешенiн құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң жанындағы Почта байланысы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Қазбаспасөз" көтерме-бөлшек сауда агенттiгi" мемлекеттiк еншiлес кәсiпорны шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазбаспасөз" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Кәсiпорын қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң жанындағы Почта байланысы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Қазбаспасөз" көтерме-бөлшек сауда агенттiгi" мемлекеттiк еншiлес кәсiпорнының құқықтары мен мiндеттерiнiң құқықтық мұрагерi болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Почта байланысының республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органы ретiнде заңдарда белгiленген тәртiппен почталық алмасу процесiне қатыспайтын және Почта байланысы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының облыстарда орналасқан еншiлес сауда дүкендер мен дүңгiршектердiң бөлшек жүйесiн "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Мемлекеттiк почтасын Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанындағы Почта байланысының республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына айналдыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 қарашадағы N 1521 P951521_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 35, 450-құжат) бекiтiлген Қосымшаға сәйкес Кәсiпорынға берсiн.
      5. Уәкiлеттi орган:
      1) 1998 жылдың 15 қарашасына дейiн Кәсiпорынның жарғысын әзiрлеп, бекiтсiн, онда мынадай негiзгi функциялар көзделсiн:
      мерзiмдi басылымдарға жазылуды ұйымдастыру;
      мерзiмдi басылымдарға тапсырысты жазылуы бойынша жинау, өңдеу, мекен-жайын өзгерту және жою;
      редакциялармен, отандық және шетелдiк баспалармен жазылу және бөлшектiк сату жөнiнде шарттар жасасу;
      республиканың аумағында, сондай-ақ алыс және жақын шетелдерде мерзiмдi баспасөздi ұйымдастыру және тарату;
      мерзiмдi басылымдарды жазылуы және бөлшек сауда бойынша жөнелту;
      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң жанындағы Почта байланысы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының республиканың облыстарында орналасқан еншiлес кәсiпорындарымен мерзiмдi басылымдарды тарату, жөнелту, жеткiзу жөнiнде шарттар жасасу;
      республиканың және шетелдiң мерзiмдi басылымдарына каталогтарды қалыптастыру;
      2) Кәсiпорынды заңдарда белгiленген тәртiппен қайта тiркеудi қамтамасыз етсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне толықтыру енгiзу туралы қаулының жобасын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
      7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Мемлекеттiк почтасын Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанындағы Почта байланысының республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына айналдыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 қарашадағы N 1521 P951521_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 35, 450-құжат):
      аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанындағы Почта байланысы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының құрамына еншiлес кәсiпорын құқымен енген кәсiпорындардың тiзбесiнде:

 

     26-тармақ алынып тасталсын;

     2) "Жекешелендiру мен қайта құрылымдаудың секторлық бағдарламасы

туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 қаңтардағы

N 65 


P970065_


  қаулысында:

     аталған қаулымен бекiтiлген "Көлiк-коммуникация кешенiнде

жекешелендiруге жататын кәсiпорындардың тiзбесi" деген 3-қосымшада:

     реттiк нөмiрi 57-жол алынып тасталсын.

     8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және

жариялануға жатады.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады