1. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы Кәсiпорындарды қайта құру жөнiндегi агенттiкке белгiленген тәртiппен тоқсан сайын, есеп берiлетiн тоқсанның екiншi айының 15-iне дейiн, берешегiнiң ең көп сомасы болып отырған кәсiпорындардың тiзбесiн берсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi тоқсан сайын, есеп берiлетiн тоқсанның екiншi айының 15-iне дейiн, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта құру жөнiндегi агенттiкке акцияларының бақылау пакетi мемлекет қарауында болып отырған, үш айдан астам мерзiм бойы бюджетке төлем жасалуын кiдiртуге жол берген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң - мемлекеттiк кәсiпорындардың, акционерлiк қоғамдардың тiзбесiн табыс етсiн.
3. Министрлiктер, ведомстволар мен басқа да шаруашылық басқару органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта құру жөнiндегi агенттiктiң сұратуы бойынша апталық мерзiм iшiнде кәсiпорындарды санациялау мен тарату тиiмдiлiгi туралы мәселе қарау үшiн қажеттi төлем жасауға қабілетсiз кәсiпорындар жөнiнде қосымша ақпарат беретiн болсын.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне екiншi деңгейдегi банктердi тоқсан сайын, есеп берiлетiн тоқсанның екiншi айының 15-iне дейiн, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта құру жөнiндегi агенттiкке, Банк бойынша берешегi бар кәсiпорындардың тiзбесiн берiп отыруға мiндеттеу ұсынылсын.
5. "Таратуға ұсынылған мемлекеттiк кәсiпорындарды, мемлекеттiң қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерiн iрiктеудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 652 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 17, 193-бап) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
4-тармағындағы "тоқсаннан кейiнгi айдың" деген сөздер "тоқсанның екiншi айының" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi