1995 жылы құрғақшылыққа ұшыраған республика аймағындағы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн мемлекеттiк қолдау жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Респуликасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 20 қарашадағы N 1571

      Ақтөбе, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы өндiрiсiне 1995 жылғы құрғақшылық келтiрген келеңсiз зардаптарды жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының және "Қазақстанэнерго" мемлекеттiк электроэнергетикалық компаниясының құрамына кiретiн кәсiпорындардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мен облыстар әкiмдерiнiң кепiлдiгiмен берiлген директивтi кредиттерi мен олардың проценттерiнiң ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң қарыздары шегiндегi, мерзiмiнде өтелмеген сомалары жөнiндегi берешегi, белгiленген тәртiппен, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк қорға берiлсiн.
      2. Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясы мемлекеттiк ресурс есебiнен аталған облыстардың ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге қосымша сәйкес тұқым, жемдiк және тағамдық астық бөлетiн болсын.
      Ақтөбе, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарының әкiмдерi мемлекеттiк ресурстан алынған тұқымның, жемдiк және тағамдық астықтың әр тоннасына 1996 жыл егiнi астығының 1,1 тоннасынан есептей отырып, бөлiнген несиенi қайтаруды қамтамасыз етсiн.
      Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясы және аталған облыстардың әкiмдерi шаруашылықтарға несиеге босатылған тұқымның, жемдiк және тағамдық астықтың құнына тең қаржының республикалық бюджетке 1996 жылғы 1 желтоқсанға дейiн қайтарылуын қамтамасыз ететiн болсын.
      3. "Запказагротехсервис" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының 15,8 миллион /он бес миллион сегiз жүз мың/ теңге және "Дархан" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының /Ақтөбе облысы бойынша/ - 11,3 миллион /он бiр миллион үш жүз мың/ теңге сомасына мемлекеттiк резервтен автомобиль доңғалақтарын алғаны үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi алдындағы берешегiн жабуы 1996 жылғы 1 наурызға дейiн ұзартылсын.
      4. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк

қордың ведомствоаралық кеңесiне осы қорға бюджеттен түскен қаржыны
ең алдымен үстiмiздегi жылы құрғақшылықтан зардап шеккен
аймақтарға бөлу ұсынылсын.
     5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi,
Қаржы министрлiгi 1996 жылғы 1 сәуiрге дейiн ауыл шаруашылығы 
өндiрiсiнiң сақтандыру жүйесiн жасау мәселесi жөнiнде ұсыныс
енгiзетiн болсын.
    
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi

                                            Қазақстан Республикасы
                                                 Үкiметiнiң
                                           1995 жылғы 20 қарашадағы
                                               N 1571 қаулысына
                                                    қосымша

          Құрғақшылықтан зардап шеккен облыстарға
          мемлекеттiк ресурстан бөлiнетiн тұқымдық,
          жемдiк және тағамдық астықтың көлемi

_______________________________________________________________
               |1996 жылы егiн    |1995-1996 жылдарғы|Тағамдық 
    Облыстар   |себуге арналған   |қысқы кезеңге     |бидай
               |күздiк дәндi      |арналған жемдiк   |
               |дақылдар тұқымы   |астық             |
_______________|__________________|__________________|_________ 
Ақтөбе                 20*/                13             -
Алматы                  -                   6             -
Батыс Қазақстан        29*/                16            16     
     
<*>
 Ескерту. Тауарлық астық тобына iрiктеп алу есебiнен.
      
      


О мерах по государственной поддержке сельскохозяйственного производства в регионах республики, подвергшихся засухе в 1995 году

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 ноября 1995 г. N 1571

      В целях преодоления негативных последствий в сельскохозяйственном производстве Актюбинской, Алматинской и Западно-Казахстанской областей, вызванных засухой 1995 года, Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Передать задолженность предприятий, входивших в государственную акционерную компанию "Мунай онiмдерi" и Государственную электроэнергетическую компанию "Казахстанэнерго", Актюбинской и Западно-Казахстанской областей, по непогашенным в срок суммам директивного кредита, выданным под гарантии Министерства финансов Республики Казахстан и акимов областей, и процентам по ним в пределах долгов сельскохозяйственных товаропроизводителей в Государственный фонд финансовой поддержки сельского хозяйства в установленном порядке.
      2. Государственной продовольственной контрактной корпорации выделить за счет государственных ресурсов сельскохозяйственным товаропроизводителям указанных областей семена, фуражное и продовольственное зерно согласно приложению.
      Акимам Актюбинской, Алматинской и Западно-Казахстанской областей обеспечить возврат выделяемой ссуды из расчета 1.1 тонны зерна урожая 1996 года за каждую тонну полученного из государственных ресурсов семян, фуражного и продовольственного зерна.
      Государственной продовольственной контрактной корпорации и акимам указанных областей обеспечить возврат в республиканский бюджет средств, равных стоимости отпускаемого хозяйствам в ссуду семян, фуражного и продовольственного зерна, до 1 декабря 1996 года.
      3. Предоставить отсрочку погашения задолженности перед Комитетом по государственным материальным резервам Республики Казахстан за полученные из государственного резерва автомобильные шины Государственной акционерной компании "Запказагротехсервис" в сумме 15,8 млн. (пятнадцать миллионов восемьсот тысяч) тенге и Государственной акционерной компании "Дархан" (по Актюбинской области) - 11,3 млн. (одиннадцать миллионов триста тысяч) тенге до 1 марта 1996 года.
      4. Предложить межведомственному совету Государственного фонда финансов поддержки сельского хозяйства поступающие в указанный Фонд из бюджета средства выделять в первоочередном порядке регионам, пострадавшим от засухи в текущем году.
      5. Министерству сельского хозяйства, Министерству финансов Республики Казахстан до 1 апреля 1996 года внести предложения по вопросу создания системы страхования сельскохозяйственного производства.
    Премьер-Министр
  Республики Казахстан


                                              Приложение

к постановлению Правительства Республики Казахстан от 20 ноября 1995 г. N 1571


                                ОБЪЕМЫ

                        семенного, фуражного
                    и продовольственного зерна,
                   выделяемые из государственных
             ресурсов областям, пострадавшим от засухи
                                                        (тыс. тонн)
 ---------------------------------------------------------------------
                ! Семена яровых    ! Зерно фуражное  ! Продоволь-
     Область    ! зерновых культур ! на период       ! ственная
                ! для посева под   ! зимовки         ! пшеница
                ! урожай 1996 года ! 1995-1996 годов !
 ---------------------------------------------------------------------
   Актюбинская          20
<*>
             13                -
   Алматинская           -                 6                -
   Западно-
   Казахстанская        29
<*>
             16                16



    Сноска. За счет отбора из партий товарного зерна