1. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының және "Қазақстанэнерго" мемлекеттiк электроэнергетикалық компаниясының құрамына кiретiн кәсiпорындардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мен облыстар әкiмдерiнiң кепiлдiгiмен берiлген директивтi кредиттерi мен олардың проценттерiнiң ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң қарыздары шегiндегi, мерзiмiнде өтелмеген сомалары жөнiндегi берешегi, белгiленген тәртiппен, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк қорға берiлсiн.
2. Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясы мемлекеттiк ресурс есебiнен аталған облыстардың ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге қосымша сәйкес тұқым, жемдiк және тағамдық астық бөлетiн болсын.
Ақтөбе, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарының әкiмдерi мемлекеттiк ресурстан алынған тұқымның, жемдiк және тағамдық астықтың әр тоннасына 1996 жыл егiнi астығының 1,1 тоннасынан есептей отырып, бөлiнген несиенi қайтаруды қамтамасыз етсiн.
Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясы және аталған облыстардың әкiмдерi шаруашылықтарға несиеге босатылған тұқымның, жемдiк және тағамдық астықтың құнына тең қаржының республикалық бюджетке 1996 жылғы 1 желтоқсанға дейiн қайтарылуын қамтамасыз ететiн болсын.
3. "Запказагротехсервис" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының 15,8 миллион /он бес миллион сегiз жүз мың/ теңге және "Дархан" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының /Ақтөбе облысы бойынша/ - 11,3 миллион /он бiр миллион үш жүз мың/ теңге сомасына мемлекеттiк резервтен автомобиль доңғалақтарын алғаны үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi алдындағы берешегiн жабуы 1996 жылғы 1 наурызға дейiн ұзартылсын.
4. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк
қордың ведомствоаралық кеңесiне осы қорға бюджеттен түскен қаржыны ең алдымен үстiмiздегi жылы құрғақшылықтан зардап шеккен аймақтарға бөлу ұсынылсын. 5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қаржы министрлiгi 1996 жылғы 1 сәуiрге дейiн ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң сақтандыру жүйесiн жасау мәселесi жөнiнде ұсыныс енгiзетiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 20 қарашадағы N 1571 қаулысына қосымша Құрғақшылықтан зардап шеккен облыстарға мемлекеттiк ресурстан бөлiнетiн тұқымдық, жемдiк және тағамдық астықтың көлемi _______________________________________________________________ |1996 жылы егiн |1995-1996 жылдарғы|Тағамдық Облыстар |себуге арналған |қысқы кезеңге |бидай |күздiк дәндi |арналған жемдiк | |дақылдар тұқымы |астық | _______________|__________________|__________________|_________ Ақтөбе 20*/ 13 - Алматы - 6 - Батыс Қазақстан 29*/ 16 16 <*> Ескерту. Тауарлық астық тобына iрiктеп алу есебiнен.