"Қазақстан Республикасында Бұқаралық спортты дамыту жөнiндегi шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөнiндегi шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 4 мамырдағы  N 2261  Жарлығын орындау және халықтың денсаулығын сауықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi Әдiлет министрлiгiмен, Экономика министрлiгiмен басқа да мүдделi мемлекеттермен және ведомстволармен бiрлесiп мыналарды 1996 жылдың 1 қаңтарына дейiн әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн: 
      "Спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы; 
      Қазақстан Республикасында 1996-2000 жылдарға арналған бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттiк бағдарламасының жобасы; 
      Қазақстан Республикасындағы халықтың дене тәрбиесiн бағалау жөнiндегi Президенттiк сынама Ережесiнiң жобасы. 
      2. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi: 
      Қазақстан Республикасы спорт өнеркәсiбi мен спорт ғимараттары жүйесiн дамытудың келiсiлген мемлекеттiк бағдарламасының жобасын 1996 жылдың 1 шiлдесiне дейiн Қазақстан Республикасының Үкіметiне ұсынсын; 
      ұлттық штаттағы командаларды ұстауға қарастырылған жалпы саны 25 адам және қаржы шегiнде спорт түрлерiнен оларды басқару жөнiндегi дирекция құрсын; 
      спорт және туристiк мақсаттағы тауарлар өндiрудi ұйымдастыру жөнiндегi ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне 1996 жылдың 1 шiлдесiне дейiн тапсырсын; 
      республикалық бюджетте қарастырылған қаржы шегiнде Алматы қаласындағы үш республикалық олимпиадалық резервтiк училищенiң бiреуiнiң базасында қазақ тiлiнде бiлiм беретiн республикалық олимпиадалық резервтiк училище ашылсын; 
      республикалық министрлiктер мен ведомстволарда иек артар спорт түрлерiн дамыту, Харбин қаласындағы (Қытай) III қысқы Азия ойындарына және Атланта қаласындағы (АҚШ) ХХVI жазғы олимпиадалық ойындарға қатысуы ықтимал үмiткерлердi дайындаудың жиынтық жоспар-тапсырмасы белгiленсiн; 
      1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақ дене тәрбиесi институты жанында Спорт жөнiнде республикалық ғылыми-зерттеу орталығын ашу туралы келiсiлген ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне бiр ай мерзiм iшiнде енгiзсiн. 
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 2 абзацы алынып тасталды - ҚР Үкіметінiң 
1998.01.29. N 46 қаулысымен. 
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi: 
      республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының олимпиадалық дайындық базаларын күрделi жөндеуден өткiзуге кезең-кезеңiмен арнайы қаржы бөлiнуiн қарастырсын; 
      ұлттық құрама командалардың III қысқы Азия ойындарына және 1996 жылы өтетiн ХХVI жазғы олимпиада ойындарына дайындығы мен қатысуына байланысты шаралардың қаржыландырылуын қамтамасыз етсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiмен бiрлесiп 1995 жылдың 1 қарашасына дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне: 
      олимпиадалық дайындық базаларын жаңғырту және дамыту үшiн шетелдiк инвестициялар, кредиттер, техникалық және қаржылай көмектер тарту; 
      Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданындағы марал шаруашылығының базасында қалпына келтiру орталығын салу; 
      Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiнiң тапсырысы бойынша спорт мамандарын шет елдерде оқыту және қайта дайындау жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн. 
      5. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне мектеп жасына дейiнгi балалардың, жалпы орта бiлiм беретiн мектептер және кәсiптiк-техникалық училищелердiң, лицейлер мен колледждердiң оқушыларының, техникумдар мен жоғары оқу орындары студенттерiнiң оқудан тыс уақытта дене шынықтыру жаттығуларымен және спортпен тұрақты айналысуы үшiн 1996 жылы қоғамдық негiзде "Жастар" дене тәрбиесi-спорт қоғамын ашу ұсынылсын. 
      6. "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы, республикалық газеттер мен журналдар редакциялары, Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi республика халқы арасында бұқаралық спортты, салауатты өмiр салтын, темекi мен алкогольдiң зияны туралы үгiт-насихатты күшейтсiн. 
      7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiмен бiрлесiп тест әдiсiн қолданып, халықтың барлық әлеуметтiк-демографиялық топтарын кешендi медициналық тексеру жөнiндегi нұсқауды 1995 жылдың 1 қарашасына дейiн әзiрлеп, бекiтсiн. Дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы құралдармен Қазақстан Республикасының халқына емдеу және денсаулығын қалпына келтiру жөнiндегi шараларды әзiрлесiн. 
      8. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi: 
      қоғамдық негiзде спорт жөнiнде облыстық, қалалық кеңестер құру ұсынылып, олардың қызметi туралы ереженi әзiрлеу; 
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiнiң келiсiмiмен денсаулық сақтау мекемелерiнiң тiзбесiне сәйкес облыстарда дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерлерiн қалпына келтiру, ал тұрақты халқы 125,0 мың адамнан асатын қалаларда бюджет қаржысынсыз дәрiгерлiк бақылау кабинеттерiн ашу қажеттiгiн қарастырсын;
     1995-96 оқу жылдарынан бастап оқу-жаттығу орталықтары, спорт резервтерiн дайындау орталықтары және олимпиадалық спорт түрлерiнен 
эксперименттiк командалар, республикалық ұлттық құрама командаларының резервтерiн дайындау үшiн болашағы бар балаларға  спорттық бейiндегi мектеп-интернаттар ашсын.

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрдiң
     бiрiншi орынбасары

      

      

О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 4 мая 1995 г. N 2261 "О неотложных мерах по развитию массового спорта в Республике Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 ноября 1995 г. N 1593. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 9 февраля 2005 г. N 124 (P050124)

      Во исполнение Указа Президента Республики Казахстан от 4 мая 1995 г. N 2261 U952261_  "О неотложных мерах по развитию массового спорта в Республике Казахстан" и в целях оздоровления населения республики Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Министерству по делам молодежи, туризма и спорта совместно с Министерством юстиции, Министерством экономики Республики Казахстан, другими заинтересованными министерствами и ведомствами до 1 января 1996 года разработать и внести на рассмотрение в Правительство Республики Казахстан:
      проект Закона Республики Казахстан "О спорте";
      проект Государственной программы развития массового спорта в Республике Казахстан на 1996-2000 годы;
      проект Положения о Президентских тестах по оценке физического состояния населения Республики Казахстан.
      2. Министерству по делам молодежи, туризма и спорта Республики Казахстан:
      (абзац третий) представить до 1 июля 1996 года в Правительство Республики Казахстан согласованный проект государственной программы развития спортивной индустрии и сети спортивных сооружений в Республике Казахстан;
      создать дирекцию по управлению штатных национальных команд по видам спорта в количестве 25-ти единиц в пределах общей численности и ассигнований, предусмотренных на содержание этих команд;
      представить до 1 июля 1996 года предложение в Правительство Республики Казахстан по организации производства товаров спортивного и туристского назначения;
      открыть в г. Алматы на базе одного из трех республиканских училищ олимпийского резерва в пределах предусмотренных ассигнований из республиканского бюджета республиканское училище олимпийского резерва с казахским языком обучения;
      установить для министерств и ведомств республики сводный план-задание по развитию опорных видов спорта, подготовке вероятных кандидатов на участие в III зимних Азиатских играх в г. Харбине (Китай) и XXVI летних Олимпийских играх в г. Атланте (США);
      в месячный срок внести согласованные предложения в Правительство Республики Казахстан по открытию с 1 января 1996 года Республиканского научно-исследовательского центра по спорту при Казахском институте физической культуры.<*>
      Сноска. Абзац второй исключен - постановлением Правительства РК от 29 января 1998 г. N 46 P980046_  .
      3. Министерству финансов Республики Казахстан:
      предусматривать поэтапное выделение ассигнований из республиканского бюджета на капитальный ремонт баз олимпийской подготовки Республики Казахстан;
      обеспечить финансирование спортивных мероприятий, связанных с подготовкой и участием национальных сборных команд по видам спорта в III зимних Азиатских и XXVI летних Олимпийских играх 1996 года, в объемах, предусмотренных утвержденным бюджетом.
      4. Комитету по использованию иностранного капитала при Министерстве финансов Республики Казахстан совместно с Министерством экономики, Министерством по делам молодежи, туризма и спорта Республики Казахстан до 1 ноября 1995 года внести предложения в Правительство Республики Казахстан:
      по привлечению иностранных инвестиций, кредитов, технической и финансовой помощи для развития и реконструкции сети баз олимпийской подготовки;
      строительства реабилитационного центра на базе мараловодческого хозяйства Катон-Карагайского района Восточно-Казахстанской области;
      обучение и переподготовку специалистов спорта за рубежом по заявкам Министерства по делам молодежи, туризма и спорта Республики Казахстан.
      5. Министерству образования Республики Казахстан рекомендовать открыть в 1996 году на общественных началах физкультурно-спортивное общество "Жастар" для систематических занятий физическими упражнениями и спортом детей дошкольного возраста, учащихся общеобразовательных школ, профессионально-технических училищ, лицеев и колледжей, студентов техникумов и высших учебных заведений во внеучебное время.
      6. Республиканской корпорации "Телевидение и радио Казахстана", редакциям республиканских газет и журналов, Министерству по делам молодежи, туризма и спорта Республики Казахстан, акимам областей и г. Алматы усилить пропаганду и агитацию массового спорта, здорового образа жизни, о вреде курения и алкоголя среди населения республики.
      7. Министерству здравоохранения совместно с Министерством по делам молодежи, туризма и спорта Республики Казахстан до 1 ноября 1995 года разработать и утвердить инструкцию по комплексному медицинскому обследованию всех социально-демографических групп населения с применением тестирования. Разработать мероприятия по восстановлению здоровья и лечению населения Республики Казахстан средствами физкультурно-оздоровительной направленности.
      8. Акимам областей и г. Алматы:
      рекомендовать создать областные, городские и районные советы по спорту на общественных началах и разработать положение об их деятельности;
      рассмотреть по согласованию с Министерством здравоохранения Республики Казахстан необходимость восстановления в областях врачебно-физкультурных диспансеров согласно перечню учреждений здравоохранения, а в городах с проживанием населения свыше 125,0 тысяч человек, без бюджетных ассигнований, открытия кабинетов врачебного контроля;
      открыть начиная с 1995-96 учебного года учебно-тренировочные центры, центры подготовки спортивных резервов и экспериментальные команды по олимпийским видам спорта, школы-интернаты спортивного профиля для перспективных детей и подготовки резерва национальных сборных команд республики.

     Первый заместитель
      Премьер-Министра
    Республики Казахстан