1. Таратылған Жоғары төрелiк соттың 28842 мың (жиырма сегiз миллион сегiз жүз қырық екi мың) теңге сомасындағы қаражаты, соның iшiнде 4810 (төрт миллион сегiз жүз он мың) теңге еңбекақы қоры Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына;
таратылған облыстық, Алматы қалалық төрелiк соттарының есебiнен облыстық және Алматы қалалық соттарының шығындарын ұлғайту үшiн 105954 (жүз бес миллион тоғыз жүз елу төрт мың) теңге сомасындағы қаражат, соның iшiнде 30590 (отыз миллион бес жүз тоқсан мың) теңге еңбекақы қоры Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне берiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi сот органдарын ұстауға 1995 жылға арналған шығындар бойынша тиiстi өзгертулер енгiзетiн болсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары