Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотын облыстық және Алматы қалалық соттарын ұстауға қосымша қаржы бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 14 желтоқсандағы N 1728

      "Қазақстан Республикасы Конституциясы 98-бабының 1-тармағын және "Қазақстан Республикасының соттары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 қазандағы N 2582 U952582_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Таратылған Жоғары төрелiк соттың 28842 мың (жиырма сегiз миллион сегiз жүз қырық екi мың) теңге сомасындағы қаражаты, соның iшiнде 4810 (төрт миллион сегiз жүз он мың) теңге еңбекақы қоры Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына;

     таратылған облыстық, Алматы қалалық төрелiк соттарының есебiнен
облыстық және Алматы қалалық соттарының шығындарын ұлғайту үшiн
105954 (жүз бес миллион тоғыз жүз елу төрт мың) теңге сомасындағы
қаражат, соның iшiнде 30590 (отыз миллион бес жүз тоқсан мың) теңге
еңбекақы қоры Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне
берiлсiн.
     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi сот органдарын
ұстауға 1995 жылға арналған шығындар бойынша тиiстi өзгертулер
енгiзетiн болсын.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады