Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23 N 381 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасында 1996 жылғы көктемгi егiс жұмыстары үшiн тракторлардың шығарылуын қамтамасыз ету және "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамын қаржылай-экономикалық сауықтандыру жөнiндегi бiрiншi кезектегi шараларды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамы мен оның құрамына кiретiн кәсiпорындар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнiң қызмет көрсетуiне берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамы мен оның құрамына кiретiн кәсiпорындардың мемлекеттiк акциялар пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқықтарын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне берсiн.
3. Төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарға консультация беру жөнiндегi республикалық орталық, мемлекеттiк медетшi банк және "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамы "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамын қаржылай-экономикалық сауықтыру және қайта ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 3 қарашадағы N 1446 қаулысына сәйкес құрылған, қайта ұйымдастыру процедураларын жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссия ұсынған бiрiншi кезектегi жоспардың негiзiнде қайта құру процедураларын (сауықтыру) жүргiзудiң жеке жоспарын әзiрлесiн.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамын қалпына келтiру жөнiндегi шаралардың қаржыландырылуын өзара келiсiлген кесте бойынша қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамының директивтi және басқа да бюджеттен бөлiнген кредиттерiн өтеу жөнiндегi ұсыныстарын енгiзсiн.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Ауыл
шаруашылығы министрлiгi, "Кең дала" акционерлiк қоғамы
"Павлодартрактор" акционерлiк қоғамынан тракторларды лизинг
негiзiнде сатып алудың шарттарын әзiрлесiн.
7. Ақшалай қаражаттың пайдаланылуын бақылау Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк медетшi банкiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары