1. Қазақстан Республикасы Ұлт саясаты жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, орталық аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 80 адам болып бекiтiлсiн. <*>
2. Қазақстан Республикасы Ұлт саясаты жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Төрағаның 3 орынбасарын, соның iшiнде бiреуi бiрiншi орынбасар, сондай-ақ саны 9 адам алқа ұстауына рұқсат берiлсiн. <*>
Ескерту. 1 және 2-тармақтарға өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң
1996.04.27. N 519 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Ұлт саясаты жөнiндегi мемлекеттiк
комитетiнiң орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 4. "Қазақстан Республикасы Ұлт саясаты жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 14 қыркүйектегi N 1263 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 30, 379 құжат) қаулысындағы 3,4-тармақтардың, 5-тармақтың бiрiншi сөйлемiнiң және 7-тармағының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1781 қаулысына Қосымша <*> Қазақстан Республикасы Ұлт саясаты жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы Басшылық Мемлекеттiк тiлдi, терминологиялық және ономастикалық жұмысы дамыту жөнiндегi бас басқарма Ұлт саясатын талдау және үйлестiру бас басқармасы Сыртқы байланыстар және қазақ диаспорасымен жұмыс жөнiндегi бөлiм Ұлт тiлдерiн дамыту жөнiндегi бөлiм Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөнiндегi бөлiм Кадрлар мен азаматтардың өтiнiштерiмен жұмыс және арнаулы жұмыстар жөнiндегi бөлiм Қаржы - экономика бөлiмi Аппараттың жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi басқарма Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.07.30. N 950 қаулысымен.