1. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi орталық аппаратының құрылымы орталық аппарат қызметкерлерiнiң шектi санында, қосымшаға сәйкес, 57 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiне министрдiң 4 орынбасарын, соның iшiнде министрдiң бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ 11 адамнан тұратын алқа ұстауына рұқсат етiлсiн. <*>
3. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт
министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 5 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. <*> Ескерту. 2,3-тармақтарына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.05.12. N 583 қаулысымен. 4. "Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 қыркүйектегi N 1010 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1786 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi орталық аппаратының Құрылымы Басшылық Жастар iсi басқармасы Туризм басқармасы Спорт басқармасы Ұйымдастыру жұмыстары басқармасы Қаржы-экономика бөлiмi Бухгалтерлiк есеп бөлiмi