Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 19 желтоқсан N 1786. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.12.27. N 1649 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi орталық аппаратының құрылымы орталық аппарат қызметкерлерiнiң шектi санында, қосымшаға сәйкес, 57 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiне министрдiң 4 орынбасарын, соның iшiнде министрдiң бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ 11 адамнан тұратын алқа ұстауына рұқсат етiлсiн. <*>
      3. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт

министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 5 қызметтiк жеңiл автомобиль
лимитi белгiленсiн.
<*>

     Ескерту. 2,3-тармақтарына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң
              1996.05.12. N 583 қаулысымен.
     4. "Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт
министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 қыркүйектегi N 1010
қаулысының күшi  жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
                                    Қазақстан Республикасы
                                    Үкiметiнiң 1995 жылғы
                                        19 желтоқсандағы
                                      N 1786 қаулысына
                                             қосымша

            Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм
             және спорт министрлiгi орталық аппаратының
                            Құрылымы

     Басшылық
     Жастар iсi басқармасы
     Туризм басқармасы
     Спорт басқармасы
     Ұйымдастыру жұмыстары басқармасы
     Қаржы-экономика бөлiмi
     Бухгалтерлiк есеп бөлiмi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады