1. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 71 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiне министрдiң 3 орынбасарын, соның iшiнде бiр бiрiншi орынбасар, сондай-ақ саны 13 адам алқа ұстауға рұқсат берiлсiн. <*>
3. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi
орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобилi лимитi белгiленсiн. <*> ЕСКЕРТУ. 2 және 3-тармақтарға өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.10.24. N 1293 қаулысымен. 4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: "Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қазандағы N 1102 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 4 қазандағы N 1102 қаулысына өзгерту енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 ақпандағы N 155 қаулысы. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1794 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi орталық аппаратының Құрылымы Басшылық Өндiрiстi дамыту бас басқармасы Қаржы-экономика басқармасы Инвестициялық саясат басқармасы Техникалық саясат бөлiмi Мұнай-газ кешенi үшiн машина жасауды ұйымдастыру және дамыту жөнiндегi секторы <*> Ұйымдастыру-кадр жұмысы секторы Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмi Ескерту. Қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.04.08. N 404 қаулысымен.