Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 19 желтоқсан N 1794. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.02.18. N 231 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 71 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiне министрдiң 3 орынбасарын, соның iшiнде бiр бiрiншi орынбасар, сондай-ақ саны 13 адам алқа ұстауға рұқсат берiлсiн. <*>
      3. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi

орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобилi лимитi
белгiленсiн.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2 және 3-тармақтарға өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң
              1996.10.24. N 1293 қаулысымен.
 
     4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
     "Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi
орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қазандағы N 1102 қаулысы;
     "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 4
қазандағы N 1102 қаулысына өзгерту енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 ақпандағы N 155
қаулысы.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
                                    Қазақстан Республикасы
                                    Үкiметiнiң 1995 жылғы
                                       19 желтоқсандағы
                                     N 1794 қаулысына
                                            қосымша

          Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi
                  министрлiгi орталық аппаратының
                           Құрылымы

     Басшылық
     Өндiрiстi дамыту бас басқармасы
     Қаржы-экономика басқармасы
     Инвестициялық саясат басқармасы
     Техникалық саясат бөлiмi
     Мұнай-газ кешенi үшiн машина жасауды ұйымдастыру және 
     дамыту жөнiндегi секторы
<*>

     Ұйымдастыру-кадр жұмысы секторы
     Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмi
     Ескерту. Қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.04.08.
              N 404 қаулысымен.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады