1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, орталық аппараты қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 190 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне министрдiң 5 орынбасарын, соның iшiнде бiр бiрiншi, сондай-ақ саны 12 адамдық алқа ұстауына рұқсат берiлсiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.06.28.
N 308 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң
орталық аппаратына 6 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. <*> ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.06.28. N 308 қаулысымен. 4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 желтоқсандағы N 1365 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 желтоқсандағы N 1365 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 593 қаулысы. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1801 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi орталық аппаратының Қ Ұ Р Ы Л Ы М Ы Болжамдау және нарық құрылымдарын жетiлдiру бас басқармасы Егiншiлiктегi саясатты әзiрлеу бас басқармасы Мемтұқыминспекциясымен мал шаруашылығы саясатын әзiрлеу бас басқармасы Қаржы-инвестициялық саясат бас басқармасы Техникалық саясат және Мемауылшаруашартехқадағалаумен бiрге қызмет көрсету басқармасы Заңды тұлға құқындағы Мал дәрiгерлiгi комитетi <*> Кадр және құқықтық саясат бас басқармасы Халықаралық ынтымақтастық басқармасы Балық шаруашылығы басқармасы Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң сапасы жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясымен бiрге маркетинг зерттеулерi басқармасы АӨК-нi ғылыми қамтамасыз ету басқармасы Шаруашылық басқармасы Ескерту. Қосымшаға өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.04.18. N 472 қаулысымен.