1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiлген Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 150 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне министрдiң 6, соның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары, сондай-ақ саны 15 адам алқа ұстауға рұқсат берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 7 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 желтоқсандағы N 1445 қаулысы;
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22
желтоқсандағы N 1445 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 шiлдедегi N 1000 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрiнiң қосымша бiр орынбасарын енгiзу туралы" 1995 жылғы 31 шiлдедегi N 1044 қаулысы. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1809 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгi орталық аппаратының Құрылымы Кен-металлургия кешенi департаментi Химия өндiрiстерi және халық тұтынатын тауарлар департаментi Машина жасау және жұмылдыру дайындығы департаментi Өнеркәсiп саясаты және экспортты дамыту бас басқармасы Сыртқы және iшкi сауда саясаты бас басқармасы Кадр және аппараттың жұмысын ұйымдастыру бас басқармасы Экономика және нарық қатынастары басқармасы Сыртқы экономикалық қызметтi реттеу басқармасы