Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 19 желтоқсан N 1809. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 1996.04.12. N 434 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiлген Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 150 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне министрдiң 6, соның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары, сондай-ақ саны 15 адам алқа ұстауға рұқсат берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 7 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
      4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 желтоқсандағы N 1445 қаулысы;
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22

желтоқсандағы N 1445 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу
туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19
шiлдедегi N 1000 қаулысы;
     "Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрiнiң
қосымша бiр орынбасарын енгiзу туралы" 1995 жылғы 31 шiлдедегi N
1044 қаулысы.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
                                         Қазақстан Республикасы
                                         Үкiметiнiң 1995 жылғы
                                            19 желтоқсандағы
                                         N 1809 қаулысына
                                                қосымша

             Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда
                   министрлiгi орталық аппаратының
                              Құрылымы

     Кен-металлургия кешенi департаментi
     Химия өндiрiстерi және халық тұтынатын тауарлар департаментi
     Машина жасау және жұмылдыру дайындығы департаментi
     Өнеркәсiп саясаты және экспортты дамыту бас басқармасы
     Сыртқы және iшкi сауда саясаты бас басқармасы
     Кадр және аппараттың жұмысын ұйымдастыру бас басқармасы
     Экономика және нарық қатынастары басқармасы
     Сыртқы экономикалық қызметтi реттеу басқармасы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады