Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, орталық аппараты қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 278 алам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне төрағаның 4 орынбасарын, соның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ саны 9 адамдық алқа ұстауына рұқсат берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң орталық аппаратына 5 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 4. "Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн құрылымдық қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулысының 1995 жылғы 12 маусымдағы N 813 қаулысының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 10-тармақтарының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 234-бап) күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N қаулысына Қосымша Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Жиынтық-талдау, әдiстемелiк және аппараттық жұмыстар бас басқармасы Макроэкономикалық статистика бас басқармасы Статистикалық ақпарат жүйесi бас басқармасы Өндiрiс және құрылыс статистикасы бас басқармасы Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы статистикасы бас басқармасы Сауда және қызмет көрсету статистикасы бас басқармасы Әлеуметтiк және демографиялық статистика бас басқармасы Баға және халықаралық салыстыру статистикасы бас басқармасы Төлем балансы статистикасы басқармасы Кадр және арнаулы жұмыстар бөлiмi Қаржы бөлiмi Бухгалтерлiк есеп жүргiзу және есеп беру бөлiмi Жалпы бөлiмi