Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының Байқаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 қаңтардағы N 13 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн: "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясы Байқаушы кеңесiнiң құрамына мыналар енгiзiлсiн: Оразбақов Ғ.I. - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң орынбасары - төраға; Луганская Г.А. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi өндiрiстiк емес инфрақұрылымдар басқармасының көлiк және байланыс жол шаруашылығы бөлiмiнiң бастығы Аталған құрамнан Ұ.Б.Базылов, Г.В.Шанаурова шығарылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары