Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының Байқаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 қаңтардағы N 13 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн: "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясы Байқаушы кеңесiнiң құрамына мыналар енгiзiлсiн: Оразбақов Ғ.I. - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң орынбасары - төраға; Луганская Г.А. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi өндiрiстiк емес инфрақұрылымдар басқармасының көлiк және байланыс жол шаруашылығы бөлiмiнiң бастығы Аталған құрамнан Ұ.Б.Базылов, Г.В.Шанаурова шығарылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 қаңтардағы N 13 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 21 желтоқсан N 1824. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.10.04. N 1232 қаулысымен.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз