1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджет пен мемлекеттiк ресурстардан босатылған 1994 жылғы егiн орағының астығы үшiн ақы төлеу бойынша республикалық бюджетке берешегi бар акционерлiк қоғамдар арасында мынадай мөлшердегi: "Аягөз-Астық" бойынша - 10,5 миллион (он миллион бес жүз мың) теңге; "Жаңғызтөбе - Астық" бойынша - 5,5 миллион (бес миллион бес жүз мың) теңге сомасындағы берешекке бiр жолғы есептеу жүргiзсiн. "Аягөз-Астық" және "Жаңғызтөбе - Астық" акционерлiк қоғамдары жүргiзiлетiн есептеу мөлшерiнде Семей облысының қылмыстық-атқарушы жүйесi мекемелерiнiң берешегiн мынадай мөлшерлерде: алынған нан үшiн Семейдiң "Нан" акционерлiк қоғамына - 9 (тоғыз) миллион теңге сомасында, жылу қуаты үшiн "Алтайэнерго" өндiрiстiк-энергетикалық бiрлестiгiнiң Семей Жылу энергетика орталығына 7 (жетi) миллион теңге сомасында жоятын болсын.
16 (он алты) миллион теңге мөлшерiндегi аталған сома Семей
облысының қылмыстық-атқарушы жүйесi мекемелерiнiң нан мен жылу қуаты үшiн берешегiн өтеуге Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiн қаржыландыру есебiне есептелсiн. 2. Берешектi есептеу 1995 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, аталған сомаларды республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып жүргiзiледi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары