Бюджеттiк қарыздар бойынша есептеу жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 21 желтоқсан N 1828

      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы мекемелердiң алған нан мен жылу қуаты үшiн пайда болған берешегiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджет пен мемлекеттiк ресурстардан босатылған 1994 жылғы егiн орағының астығы үшiн ақы төлеу бойынша республикалық бюджетке берешегi бар акционерлiк қоғамдар арасында мынадай мөлшердегi: "Аягөз-Астық" бойынша - 10,5 миллион (он миллион бес жүз мың) теңге; "Жаңғызтөбе - Астық" бойынша - 5,5 миллион (бес миллион бес жүз мың) теңге сомасындағы берешекке бiр жолғы есептеу жүргiзсiн. "Аягөз-Астық" және "Жаңғызтөбе - Астық" акционерлiк қоғамдары жүргiзiлетiн есептеу мөлшерiнде Семей облысының қылмыстық-атқарушы жүйесi мекемелерiнiң берешегiн мынадай мөлшерлерде: алынған нан үшiн Семейдiң "Нан" акционерлiк қоғамына - 9 (тоғыз) миллион теңге сомасында, жылу қуаты үшiн "Алтайэнерго" өндiрiстiк-энергетикалық бiрлестiгiнiң Семей Жылу энергетика орталығына 7 (жетi) миллион теңге сомасында жоятын болсын.
      16 (он алты) миллион теңге мөлшерiндегi аталған сома Семей

облысының қылмыстық-атқарушы жүйесi мекемелерiнiң нан мен жылу қуаты
үшiн берешегiн өтеуге Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
министрлiгiн қаржыландыру есебiне есептелсiн.
     2. Берешектi есептеу 1995 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша,
аталған сомаларды республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс
бөлiктерiнде көрсете отырып жүргiзiледi.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады