Агроөнеркәсiп кешенiн лизинг негiзiнде машина жасау өнiмдерiмен қамтамасыз етудi ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 23 желтоқсан N 1851. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Агроөнеркәсiп кешенiн машина жасау өнiмдерiмен жабдықтауды жақсарту, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi: 
      1. Агроөнеркәсiп кешенiндегi лизинг туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қаржы министрлiгiмен, тағы басқа мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып агроөнеркәсiп кешенiн лизингтiк негiзде машина жасау өнiмдерiмен жабдықтау тәртiбiн бекiтсiн, лизинг қорын құру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеп, енгiзетiн болсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Экономика министрлiгi қаржы лизингi операцияларын жүзеге асыру негiзiнде инвестициялық қызметтi жедел дамыту және оны мемлекеттiк қолдау мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн техникалық жағынан қайта жарақаттандыру бойынша лизинг қорын құру үшiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне 1996 жыл бюджетiнде қайтарымдық негiзде 600 (алты жүз) миллион теңге мөлшерiнде қаржы бөлудi көздесiн. Одан кейiнгi жылдарға бюджет жобасын жасау барысында аталған қорды толықтыруға қаржыларды бағыттау мүмкiндiктерi қарастырылсын. 
      4. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi халықаралық қаржы лизингiнiң объектiсi болып табылатын тауарларды кеден заңдарына сәйкес, кеден төлемдерiн төлей отырып, уақытында әкелу тәртiбiмен ресiмдеудi қамтамасыз етсiн. 
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Ауыл шаруашылығы министрлiгi "Кең дала" акционерлiк қоғамымен бiрлесе отырып лизинг берушiге кейiнгi мерзiмдерде (техникалық және жабдықтар) мүлiк құнын нақты қайтару механизмiн пысықтасын. 
      6. Облыстардың әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi халықаралық лизингтi қоса отырып, қаржы лизингi операцияларын кең түрде пайдалану негiзiнде Қазақстанда инвестициялық қызметтi белсендi дамыту үшiн қажеттi жағдайлар жасайтын болсын. 

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрiнiң
     бiрiншi орынбасары

Қазақстан Республикасы       
Үкiметiнiң 1995 жылғы        
"23" желтоқсандағы          
N 1851 қаулысымен          
БЕКIТIЛГЕН              

           Агроөнеркәсiп кешенiндегi лизинг туралы 
                       ЕРЕЖЕ 

                  I. Жалпы ережелер 

      1. Агроөнеркәсiп кешенiндегi лизинг (агролизинг) - бұл уақытша жұмсалмай тұрған немесе жұмсауға тартылған қаржы қаражаттарын инвестициялау есебiнен ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының техникалық жарақтандырылу деңгейiн көтеруге бағытталған машиналарды, жабдықтарды, көлiк құралдарын және өндiрiстiк мақсаттағы ғимараттарды ұзақ мерзiмге жалдау. 
      2. Нарықта еркiн айналымға түсуге тыйым салынған мүлiктен басқа, ауыл шаруашылығы мақсатындағы негiзгi құралдарға қолданылып жүрген топтауға жатқызылатын кез-келген қозғалыстағы және қозғалмайтын мүлiк, сондай-ақ кеден заңдарына сәйкес уақытша әкелуге (әкетуге) жатпайтын мүлiктер агролизинг объектiсi бола алуы мүмкiн. 
      3. Агролизинг субъектiлерi мыналар: 
      лизинг берушi - лизинг қызметiн, яғни осы мүлiк үшiн арнайы алынған шарт бойынша лизинг берудi жүзеге асырушы заңды тұлға; 
      лизинг алушы - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы заңды ұйым немесе заңды ұйымның бiлiмiнсiз кәсiпкерлiк қызметпен айналысушы және мүлiктi лизинг шарты бойынша пайдалануға алған жеке кәсiпкер ретiнде тiркелген азамат болып табылады. 
      4. Лизинг компаниялары (фирмалар) акционерлiк қоғам нысанында немесе басқа да құрылтай құжаттарына және лизинг берушiлер функциясының лицензияларына сәйкес орындайтын ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылатын ұйымдар. 
      5. Лизингтiк мүлiктердi сатып алуды қаржыландыруды лизинг компаниялары жеке меншiк немесе заемдық қаржылар есебiнен жүзеге асырады. 
      6. Лизинг шарты төменгiдей талаптарға жауап беруi тиiс: 
      егер шартта өзге жағдайлар көзделмесе, онда лизинг алушы агролизинг объектiсi мен лизингтiк мүлiктер сатушысын таңдауға құқылы; 
      лизинг алушы лизинг мүлкiн тек қана өндiрiстiк мақсаттарға пайдаланады; 
      лизинг берушi лизинг мүлкiн сатушы адамнан оны лизинг алушыға лизингiге беру жағдайында ғана сатып алады; 
      лизингтiң барлық кезеңдерi iшiндегi лизингтiк төлемдер сомасы мәмле жасау кезiндегi бағалар есебiмен лизингтiк мүлiк құнынан төмен болмауы тиiс. 
      7. Лизинг шарты жұмысының барлық жұмысының мерзiмi iшiнде лизингке берiлген мүлiк лизинг берушiнiң меншiгi болып табылады. 
      Лизинг шартында шарт мерзiмi бiткенше немесе бiткенге дейiн лизинг алушының лизинг мүлкiн сатып алу құқығы көзделуi мүмкiн.

            II. Агролизинг шартына қатысушылардың 
               құқықтары мен мiндеттерi

        8. Агролизинг шартына қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасы заңдарымен және шарт жағдайларымен реттеледi. 
      9. Агролизинг шартына қатысушылар арасындағы даулар қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiп бойынша шешiледi. 
      10. Лизинг алушыға лизинг мүлкiн пайдалану құқығы лизинг шартында белгiленген жағдайларда ғана берiледi. 
      11. Лизинг алушы лизинг шартында көзделген төлемдердi лизинг берушiге уақытында төлеуге мiндеттi. Шартта лизингтiк төлемдердi төлемегенi немесе уақытында төлемегенi үшiн санкциялар көзделуi тиiс. 
      12. Қатысушылар лизинг шартындағы жағдайларды бұзған жағдайда, олар белгiленген тәртiп бойынша шартты бұзуды талап етуге құқықты. 
      13. Кездейсоқ өлiм, жоғалту, лизинг мүлкiн лизинг алушыға бергенге дейiн оны бүлдiрiп алғанға лизинг берушi, ал мүлiктi лизинг алушыға берген сәттен бастап лизинг алушы жауап бередi. 
      14. Лизинг алушы өзiне лизинг мүлкiн берген сәттен бастап мүлiктiң сапасына, жинақтылығына және оны жеткiзiп беру мерзiмдерiне, және басқа да лизинг алушы мен лизинг берушi арасындағы сатып алу-сату шарттарының тиiсiнше орындалмауы тұрғысында лизинг берушiден талап ете алады. Лизинг берушi осы жағдайда лизинг мүлкiн сатушыға талап қояды. 
      15. Егер лизинг шартында өзге жағдайлар көзделмесе, онда лизинг алушы берушi алдындағы өз жауапкершiлiгiн сақтандырумен қоса, лизинг мүлкiнiң сақталуы мен ұсталуы жөнiндегi барлық шығындарды, сондай-ақ пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және осы мүлiктердi жөндеуге байланысты пайда болған барлық шығындарды өз мойнына алады.

               III. Лизинг төлемдерi

        16. Лизинг алушы лизинг мүлкiн пайдалану ақысын лизинг берушiге төленетiн лизинг төлемдерi түрiнде жүзеге асырады. Төлемдердiң мөлшерi, тәсiлдерi, нысаны және мерзiлiмдiгi лизинг шартында тараптардың келiсуi бойынша белгiленедi. 
      Лизинг төлемдерiнiң жалпы сомасына:мерзiмдiгi 
      лизинг мүлкiнiң толық құнын өтейтiн сома; 
      олардың лизинг шарты бойынша өткiзген мүлiктi сатып алуға пайдаланған несие ресурстары үшiн лизинг берушiге төленетiн сома; 
      лизинг берушiнiң комиссиялық сыйақысы. Бюджет қаржыландыруы есебiнен лизингтiк қор жасау кезiнде лизинг берушiнiң комиссиялық сыйақысының шектi мөлшерi Қазақстан Республикасы Ауылшарминiнiң Қаржыминiмен, Экономминiмен келiсiм арқылы белгiленедi; 
      егер лизинг берушi мүлiктердi сақтандырған болса, лизинг мүлкiн сақтандырғаны үшiн төленетiн сома; 
      лизинг берушiнiң агролизинг шартында көзделген өзге де шығындары енгiзiледi. 

          IV. Бухгалтерлiк есептеу және есеп беру 

      17. Бухгалтерлiк есептеу мен есеп берудi жүргiзу барысындағы лизингтiк операцияларды көрсету белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады. 

Об организации обеспечения агропромышленного комплекса машиностроительной продукцией на основе лизинга

Постановление Правительства Республики Республики Казахстан от 23 декабря 1995 г. N 1851. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 9 февраля 2005 г. N 124 (P050124)

      В целях улучшения оснащения агропромышленного комплекса продукцией машиностроения, стабилизации производства продукции сельского хозяйства Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемое Положение о лизинге в агропромышленном комплексе.
      2. Министерству сельского хозяйства совместно с Министерством финансов Республики Казахстан и другими заинтересованными министерствами и ведомствами утвердить порядок обеспечения агропромышленного комплекса продукцией машиностроения на лизинговой основе, проработать и внести предложения о создании лизингового фонда.
      3. Министерству финансов и Министерству экономики Республики Казахстан в целях ускоренного развития и государственной поддержки инвестиционной деятельности на основе осуществления операций финансового лизинга предусмотреть в бюджете 1996 года средства в сумме 600 (шестьсот) млн. тенге на возвратных условиях Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан для создания лизингового фонда по техническому перевооружению сельскохозяйственных товаропроизводителей. При формировании проекта бюджета на последующие годы рассматривать возможность направления средств на пополнение указанного фонда.
      4. Таможенному комитету Республики Казахстан обеспечить оформление товаров, являющихся объектом международного финансового лизинга, в режиме временного ввоза с уплатой таможенных платежей в соответствии с таможенным законодательством.
      5. Министерству финансов, Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан совместно с акционерным обществом "Кен дала" проработать механизм реального возврата стоимости имущества в последующие сроки (техники и оборудования) лизингодателю.
      6. Рекомендовать акимам областей, Министерству экономики, Министерству финансов, Министерству промышленности и торговли, Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан создать необходимые условия для активного развития инвестиционной деятельности в Казахстане на основе широкого использования операций финансового лизинга, включая международный.

     Первый заместитель
      Премьер-Министра
    Республики Казахстан

                                      УТВЕРЖДЕНО
                             постановлением Правительства
                                 Республики Казахстан
                             от 23 декабря 1995 г. N 1851

                       ПОЛОЖЕНИЕ О ЛИЗИНГЕ
                  В АГРОПРОМЫШЛЕННОМ КОМПЛЕКСЕ

                        I. Общие положения
      1. Лизинг в агропромышленном комплексе (агролизинг) - это долгосрочная аренда машин, оборудования, транспортных средств и сооружений производственного назначения, направленная на повышение уровня технической оснащенности сельскохозяйственных предприятий за счет инвестирования временно свободных или привлеченных финансовых средств.
      2. Объектом агролизинга может быть любое движимое и недвижимое имущество, относящееся по действующей классификации к основным средствам сельскохозяйственного назначения, кроме имущества, запрещенного к свободному обращению на рынке, а также не подлежащего временному ввозу (вывозу) в соответствии с таможенным законодательством.
      3. Субъектами агролизинга являются:
      лизингодатель - юридическое лицо, осуществляющее лизинговую деятельность, то есть передачу в лизинг по договору специально приобретенного для этого имущества;
      лизингополучатель - юридическое лицо, осуществляющее предпринимательскую деятельность, или гражданин, занимающийся предпринимательской деятельностью без образования юридического лица и зарегистрированный в качестве индивидуального предпринимателя, получающие имущество в пользование по договору лизинга.
      4. Лизинговые компании (фирмы) - это организации, создаваемые в форме акционерного общества или других организационно-правовых формах, выполняющие в соответствии с учредительными документами и лицензиями функции лизингодателей.
      5. Финансирование приобретения лизингового имущества осуществляется лизинговыми компаниями за счет собственных или заемных средств.
      6. Договор лизинга должен отвечать следующим требованиям:
      право выбора объекта агролизинга и продавца лизингового имущества принадлежит лизингополучателю, если иное не предусмотрено договором;
      лизинговое имущество используется лизингополучателем только в производственных целях;
      лизинговое имущество приобретается лизингодателем у продавца лизингового имущества только при условии передачи его в лизинг лизингополучателю;
      сумма лизинговых платежей за весь период лизинга должна быть не ниже стоимости лизингового имущества в ценах на момент заключения сделки.
      7. Имущество, переданное в лизинг, в течение всего срока действия договора лизинга является собственностью лизингодателя.
      В договоре лизинга может быть предусмотрено право выкупа лизингового имущества лизингополучателем по истечении или до истечения срока договора.

                      II. Права и обязанности
                  участников договора агролизинга
 

      8. Права и обязанности участников договора агролизинга регулируются законодательством Республики Казахстан и условиями договора.
      9. Споры между участниками договора агролизинга разрешаются в порядке, установленном действующим законодательством.
      10. Право пользования лизинговым имуществом принадлежит лизингополучателю только на условиях, определенных договором лизинга.
      11. Лизингополучатель обязан своевременно выплачивать лизингодателю предусмотренные договором лизинга платежи. В договоре должны быть предусмотрены санкции за неуплату или несвоевременную уплату лизинговых платежей.
      12. В случае нарушения участниками условий договора лизинга они вправе требовать расторжения договора в установленном порядке.
      13. Риск случайной гибели, утраты, порчи лизингового имущества до передачи его лизингополучателю несет лизингодатель, с момента передачи имущества лизингополучателю - лизингополучатель.
      14. Лизингополучатель с момента поставки ему лизингового имущества предъявляет претензии лизингодателю в отношении качества, комплектности, сроков поставки имущества и других случаях ненадлежащего выполнения договоров купли-продажи между лизингополучателем и лизингодателем. Лизингодатель по этим же случаям предъявляет претензии продавцу лизингового имущества.
      15. Лизингополучатель несет все расходы по сохранности и содержанию лизингового имущества, включая страхование своей ответственности перед лизингодателем, а также все расходы, возникающие в связи с эксплуатацией, техническим обслуживанием и ремонтом этого имущества, если иное не предусмотрено договором лизинга.

                       III. Лизинговые платежи

      16. Оплата пользования лизинговым имуществом осуществляется лизингополучателем в виде лизинговых платежей, уплачиваемых лизингодателю. Размеры, способ, форма и периодичность выплат устанавливаются в договоре лизинга по соглашению сторон.
      Общая сумма лизинговых платежей включает:
      сумму, возмещающую полную стоимость лизингового имущества;
      сумму, выплачиваемую лизингодателю за кредитные ресурсы, использованные им для приобретения имущества, сдаваемого по договору лизинга;
      комиссионное вознаграждение лизингодателю. Предельный размер комиссионных вознаграждений для лизингодателя при формировании лизингового фонда за счет ассигнований из бюджета определяются Министерством сельского хозяйства по согласованию с Министерством финансов, Министерством экономики Республики Казахстан;
      сумму, выплачиваемую за страхование лизингового имущества, если оно было застраховано лизингодателем;
      иные затраты лизингодателя, предусмотренные договором агролизинга.

                IV. Бухгалтерский учет и отчетность

     17. Отражения лизинговых операций при ведении бухгалтерского учета и отчетности осуществляется в установленном порядке.