1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетке Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен, мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiмен бiрлесiп, кредит беру шартын келiсу жөнiнде чех жағымен келiссөз жүргiзу тапсырылсын.
2. Келiссөз нәтижесi жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне
келiсiлген ұсыныс енгiзсiн. 3. "Чех Республикасы Үкiметiнiң кредитiн тарту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 14 шiлдедегi N 793 В қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары