Чех Республикасының кредитi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 26 желтоқсан N 1860

      Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, чех жағымен кооперация негiзiнде Қазақстан кәсiпорындарының өндiрiстiк базасын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетке Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен, мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiмен бiрлесiп, кредит беру шартын келiсу жөнiнде чех жағымен келiссөз жүргiзу тапсырылсын.
      2. Келiссөз нәтижесi жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне

келiсiлген ұсыныс енгiзсiн.
     3. "Чех Республикасы Үкiметiнiң кредитiн тарту туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 14 шiлдедегi N 793 В
қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады