1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
1995 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша республикалық бюджет пен мемлекеттiк ресурстардан жiберiлген 1994 жылғы өнiмнiң астығы үшiн ақы төлеу жөнiнде республикалық бюджетке 10100 (он миллион бiр жүз мың) теңге қарызы бар "Ақмола астық өнiмдерi комбинаты" акционерлiк қоғамы арасындағы қарыздың бiр жолғы есептемесiн жүргiзсiн;
Iшкi iстер министрлiгiн қаржыландыру есебiне 10100 (он миллион бiр жүз мың) теңгенi есептеп, аталған соманы бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiмдерiнде көрсетсiн.
2. "Ақмола астық өнiмдер комбинаты" акционерлiк қоғамы аталған есептеменi жүргiзу есебiнен Ақмола облысы қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң астық өнiмдерiн берушi "Ақмола-нан" акционерлiк қоғамына 1400 (бiр миллион төрт жүз мың) теңге сомасындағы, "Атбасар элеваторы" акционерлiк қоғамына 2300 (екi миллион үш жүз мың) теңге сомасындағы , "Ақмола Феникс" акционерлiк қоғамына 2200 (екi миллион екi жүз мың) теңге сомасындағы, "Желдорхлеб" акционерлiк қоғамына 2500 (екi миллион бес жүз мың) теңге сомасындағы, "Дәулет" акционерлiк қоғамына 1700 (бiр миллион жетi
жүз мың) теңге сомасындағы кредиторлық қарызын өтейтiн болсын. 3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi астық өнiмдерi үшiн кредиторлық қарызды қаржыландыру кезiнде бөлiнетiн қаражат есебiне есептесiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi