Бюджеттiк борыштар бойынша есептеме жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 28 желтоқсан N 1871

      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiне бағынысты бюджеттiк мекемелердiң алған астық өнiмдерi үшiн жинақталып қалған қарызын қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1995 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша республикалық бюджет пен мемлекеттiк ресурстардан жiберiлген 1994 жылғы өнiмнiң астығы үшiн ақы төлеу жөнiнде республикалық бюджетке 10100 (он миллион бiр жүз мың) теңге қарызы бар "Ақмола астық өнiмдерi комбинаты" акционерлiк қоғамы арасындағы қарыздың бiр жолғы есептемесiн жүргiзсiн;
      Iшкi iстер министрлiгiн қаржыландыру есебiне 10100 (он миллион бiр жүз мың) теңгенi есептеп, аталған соманы бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiмдерiнде көрсетсiн.
      2. "Ақмола астық өнiмдер комбинаты" акционерлiк қоғамы аталған есептеменi жүргiзу есебiнен Ақмола облысы қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң астық өнiмдерiн берушi "Ақмола-нан" акционерлiк қоғамына 1400 (бiр миллион төрт жүз мың) теңге сомасындағы, "Атбасар элеваторы" акционерлiк қоғамына 2300 (екi миллион үш жүз мың) теңге сомасындағы , "Ақмола Феникс" акционерлiк қоғамына 2200 (екi миллион екi жүз мың) теңге сомасындағы, "Желдорхлеб" акционерлiк қоғамына 2500 (екi миллион бес жүз мың) теңге сомасындағы, "Дәулет" акционерлiк қоғамына 1700 (бiр миллион жетi

жүз мың) теңге сомасындағы кредиторлық қарызын өтейтiн болсын.
     3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi астық
өнiмдерi үшiн кредиторлық қарызды қаржыландыру кезiнде бөлiнетiн
қаражат есебiне есептесiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады