Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiнiң оңалту займы бойынша "Қаззооветснаб" республикалық бiрлестiгiнiң берешегi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 29 желтоқсан N 1888

      Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiнiң ветеринарлық препараттарды сатып алуға пайдаланылған оңалту займы бойынша "Қаззооветснаб" республикалық бiрлестiгiнiң құралған берешегiн жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне операциялық шығындарға бөлiнетiн 425800 мың (төрт жүз жиырма бес миллион сегiз жүз мың) теңге сомасындағы қаржы есебiнен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiнiң оңалту займы бойынша "Қаззооветснаб" республикалық бiрлестiгiнiң республикалық бюджет алдындағы берешегiне есептеме жүргiзсiн;
      Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiнiң ветеринарлық препараттарды сатып алуға пайдаланылған оңалту займы бойынша "Қаззооветснаб" республикалық бiрлестiгiнiң берешегiн республикалық бюджетке қайтару қаржысы, сатылған препараттар үшiн ұлттық валютада шетелдiк фирмалармен контрактiлер жасау сәтiне сәйкес 1 АҚШ долларына 46 теңге бағамымен, сатылмаған ветеринарлық препараттар бөлiгiнде - есептеме өткiзiлетiн күнгi бағаммен жүргiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму банкiнiң оңалту займының қаржысына сатып алынған ветеринарлық препараттардың сатылмағанын, мақсатына сай пайдалану үшiн "Қаззооветснаб" республикалық бiрлестiгi арқылы шаруашылықтарға берсiн.
      3. "Қаззооветснаб" республикалық бiрлестiгi Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiнiң оңалту займы бойынша сатып алынған ветеринарлық препараттардың борыштары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен келiсiлген тiзiм бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң есебiнен шығарылсын.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi


О задолженности Республиканского объединения "Каззооветснаб" по реабилитационному займу Международного Банка Реконструкции и Развития

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 г. N 1888

      В целях ликвидации образовавшейся задолженности Республиканского объединения "Каззооветснаб" по реабилитационному займу Международного Банка Реконструкции и Развития, использованному на приобретение ветеринарных препаратов, Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Министерству финансов Республики Казахстан:
      провести зачет задолженности Республиканского объединения "Каззооветснаб" по реабилитационному займу Международного Банка Реконструкции и Развития перед республиканским бюджетом за счет средств, выделяемых Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан на операционные расходы, в сумме 425800 тыс. (четыреста двадцать пять миллионов восемьсот тысяч) тенге;
      возврат средств в республиканский бюджет в погашение задолженности Республиканского объединения "Каззооветснаб" по реабилитационному займу Международного Банка Реконструкции и Развития, использованному для закупа ветеринарных препаратов, произвести в национальной валюте за реализованные ветеринарные препараты по курсу 46 тенге за 1 доллар США, соответствующему на момент заключения контрактов с инофирмами, в части нереализованных ветеринарных препаратов - по курсу на день проведения зачета.
      2. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан через Республиканское объединение "Каззооветснаб" передать хозяйствам для использования по назначению нереализованные ветеринарные препараты, приобретенные на средства реабилитационного займа Международного Банка Реконструкции и Развития.
      3. Республиканскому объединению "Каззооветснаб" списать долги за ветеринарные препараты, приобретенные по реабилитационному займу Международного Банка Реконструкции и Развития, с сельскохозяйственных товаропроизводителей по списку, согласованному с Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан.
    Премьер-Министр
  Республики Казахстан