1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне операциялық шығындарға бөлiнетiн 425800 мың (төрт жүз жиырма бес миллион сегiз жүз мың) теңге сомасындағы қаржы есебiнен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiнiң оңалту займы бойынша "Қаззооветснаб" республикалық бiрлестiгiнiң республикалық бюджет алдындағы берешегiне есептеме жүргiзсiн;
Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiнiң ветеринарлық препараттарды сатып алуға пайдаланылған оңалту займы бойынша "Қаззооветснаб" республикалық бiрлестiгiнiң берешегiн республикалық бюджетке қайтару қаржысы, сатылған препараттар үшiн ұлттық валютада шетелдiк фирмалармен контрактiлер жасау сәтiне сәйкес 1 АҚШ долларына 46 теңге бағамымен, сатылмаған ветеринарлық препараттар бөлiгiнде - есептеме өткiзiлетiн күнгi бағаммен жүргiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму банкiнiң оңалту займының қаржысына сатып алынған ветеринарлық препараттардың сатылмағанын, мақсатына сай пайдалану үшiн "Қаззооветснаб" республикалық бiрлестiгi арқылы шаруашылықтарға берсiн.
3. "Қаззооветснаб" республикалық бiрлестiгi Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiнiң оңалту займы бойынша сатып алынған ветеринарлық препараттардың борыштары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен келiсiлген тiзiм бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң есебiнен шығарылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi