"Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Түстi және қара металдардың ұтымды пайдаланылуын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекция құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 наурыздағы N 2118 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Түстi және қара металдардың ұтымды пайдаланылуын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекция (бұдан әрi - Металдар жөнiндегi инспекция) орталық аппараты қызметкерлерiнiң шектi саны 25 адам болып белгiленiп, орталық аппаратының құрылымы бекiтiлсiн.
2. Металдар жөнiндегi инспекцияға бастығының бiр орынбасарын және саны 7 адам алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
3. Металдар жөнiндегi инспекцияның орталық аппаратына бiр қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
4. Металдар жөнiндегi инспекцияны қаржыландыру республикалық бюджет қаржысы есебiнен жүзеге асырылсын.
5. Қазақстан Республикасының Түстi және қара металдардың ұтымды пайдаланылуын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясы туралы (қоса берiлiп отырған) Ереже бекiтiлсiн.
6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлiгi Металдар жөнiндегi инспекцияның техникалық құралдар мен телефон, телекс және телефакс байланысы, соның iшiнде халықаралық арналарына қажеттерiн қанағаттандырсын.
7. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекараны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi әскери бөлiмдер мен бөлiмшелерiнiң командирлерiне Металдар жөнiндегi инспекцияға оған жүктелген мiндеттердi орындауда қолдау көрсету мiндеттелсiн.
8. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi қажеттi ұйымдастыру техникасын, жиhаз сатып алуға және үйiн жөндеуге жыл сайын қаржы бөлiнуiн қарастырсын.
9. Мемлекеттiк инспектордың қызметтiк жалақысы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылдың 14 сәуiрдегi N 474 қаулысымен (2-кесте, 8-жол) бекiтiлген қызмет жалақысы деңгейiнде белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы
30 желтоқсандағы
N 1897 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Түстi және қара металдардың
ұтымды пайдаланылуын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк
комиссиясы орталық аппаратының
Құрылымы
Басшылық
Талдама және құқықтық жұмыс басқармасы
Бақылау басқармасы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы
30 желтоқсандағы
N 1897 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Түстi
және қара металдардың ұтымды пайдаланылуын бақылау
жөнiндегi мемлекеттiк инспекция туралы
Ереже
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Түстi және қара металдардың ұтымды пайдаланылуын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясы (бұдан әрi - Металдар жөнiндегi инспекция) түстi және қара металдарды және олардың сынықтары мен қалдықтарын ұтымды айырып алу және пайдалануға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттiк реттеу және салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ осы мәселелер бойынша басқа арнайы, атқару, бақылау, рұқсат ету немесе қадағалау қызметтерiн жүзеге асыратын атқару үкiметiнiң орталық органы болып табылады. Металдар жөнiндегi инспекцияға тiкелей басшылықты Қазақстан Республикасының Үкiметi жүзеге асырады.
2. Металдар жөнiндегi инспекция өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарын, қаулыларын және өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Металдар жөнiндегi инспекцияның негiзгi мiндеттерi:
кәсiпорындардың түстi және қара металдарға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарын, Президентiнiң Жарлықтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын орындауына;
есепке алынбаған металдың немесе басқа да дайын өнiмнiң қалуын болдырмау, сондай-ақ айналадағы ортаға ауыр және улы металдар қалдықтарының және олардың тұздарының шығарылуын азайту мақсатында түстi және қара металдардың негiзделiп қолданылуы, ұтымды айырылуы және пайдаланылуының техникалық негiзделген нормаларға сәйкес келуiне;
айналадағы ортаны қорғау және республикалық орны толмайтын ресурстарының шығындарын азайту мақсатында заңды тұлғалар мен жеке адамдардың металл бар жабдықтар, механизмдердi және тұтыну қасиеттерiнен айырылған бұйымдарды құрып, толық жинап және тапсыруына;
түстi және қара металдардың, олардың сынықтары мен қалдықтарының Қазақстан Республикасынан сыртқы шығарылуының, сондай-ақ кеден баж салықтарының толық түсуiн қамтамасыз ету және металдардың мейлiнше төмен бағамен сатылуын болдырмау үшiн түстi және қара металдарды, олардан жасалған бұйымдарды және олардың сынықтары мен қалдықтарын экспорттау бойынша сыртқы сауда шарттарына сарапшылық пысықтаудың қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiбiнiң орындалуына;
Сапасыз өнiм дайындау және сату мүмкiндiгiн жою мақсатында өндiрiлетiн металл мен металл өнiмдерiнiң қолданыстағы стандарттар, ГОСТ-ат және техникалық шарттарға сәйкестiгiне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады.
Аталған мәселелер бойынша мемлекеттiк бақылауды Металдар жөнiндегi инспекция қолданылып жүрген заңдарға сәйкес олардың ведомстволық бағыныстылығына және меншiк нысандарына қарамастан республикалық барлық кәсiпорындарында жүзеге асырады.
4. Металдар жөнiндегi инспекция сынықтар жиылатын қосымша көздердi iздестiру, түстi және қара металдардың пайдалануға жарамсыз қалдықтарын анықтау, түстi және қара металдарды үнемдеу мақсатымен оларды ұқсатуға тарту мүмкiндiгiнiң ресурстары мен бағыттарын айқындау, түстi және қара металдарды олардың сынықтары мен қалдықтарын ұтымды пайдалану мәселелерi бойынша кәсiпорындарға әдiстемелiк және нақты көмек көрсету жұмыстарын жүргiзедi.
Аталған жұмыстарды Металдар жөнiндегi инспекция жұмыстардың жоспарлары мен кестелерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк актiлерiне сәйкес кәсiпорындарға жүйелi түрде тексеру жүргiзу арқылы орындайды.
5. Металдар жөнiндегi инспекция өзiне жүктелген мiндеттердi облыстардың, Алматы және Ленинск қалалары әкiмдерiмен және басқа да құзырлы органдармен өзара iс-қимылда шешедi.
6. Металдар жөнiндегi инспекция:
инспекцияланатын кәсiпорындардың өкiлдерiмен бiрлесiп қара, түстi металдарды пайдалану және сақтау, бұл металдардың сынықтары мен қалдықтарын пайдалану, сақтау, жинаудың жай-күйiне, сынықтар мен қалдықтардың жоспарлы ресурстарының олардың нақты тапсырылуына сәйкес келуiне тексеру жүргiзуге;
түстi және қара металдарды пайдалануға, түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын дайындау, ұқсату және тасымал даумен байланысты шаруашылық қызметiнiң мәселелерi бойынша инспекцияланған кәсiпорындардың әкiмшiлiктерiнен материалдар, түсiнiктеме алуға;
түстi және қара металдарды, олардың сынықтары мен қалдықтарын пайдалануда анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою туралы орындалу мерзiмi көрсетiлген олар үшiн мiндеттi кәсiпорындарға нұсқаулар берiп, олардың уақтылы орындалуын бақылауға;
тексерулердiң және байқаулардың нәтижелерi бойынша актi жасауға, сондай-ақ кәсiпорындардың басшылығына белгiленген тәртiппен түстi және қара металдарды, олардың сынықтары мен қалдықтарын пайдалану және сақтаудың қолданылып жүрген заңдарға сәйкес нормалары мен ережелерiн бұзған кiнәлi адамдарды қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапкершiлiкке тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiне, министрлiктер, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға, құқық қорғау органдарына кiнәлiлердi жауапкершiлiкке тарту туралы, сондай-ақ түстi және қара металдардың шығындарынан және құрамында металдар бар зиянды қоқыстар мен қалдықтардың айналадағы ортаға зиян тигiзуi туралы алдын алу шаралары туралы ұсыныстар енгiзуге құқылы.
7. Металдар жөнiндегi инспекцияға жүктелген бақылау және басқа қызметтердi орындау туралы нұсқаулықты Металдар жөнiндегi инспекцияның бастығы бекiтедi.
8. Металдар жөнiндегi инспекция бастығының шешiмiне заңмен белгiленген тәртiпте сот органдарында шағым берiлуi мүмкiн.
9. Металдар жөнiндегi инспекцияны мәртебесi бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк инспекторы болып табылатын Металдар жөнiндегi инспекцияның бастығы басқарады және оны Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайды.
10. Металдар жөнiндегi инспекцияның бастығы:
бюджетте мемлекеттiк органдарды ұстауға қарастырылған қаржы шегiнде Металдар жөнiндегi инспекцияның шығындар сметасын бекiтедi;
металдар жөнiндегi инспекцияға жүктелген мiндеттердiң орындалуын жеке жауапкер бередi;
түстi және қара металдардың, олардың сынықтары мен қалдықтарының ұтымды пайдалануы мәселелерi бойынша металдар жөнiндегi инспекцияның атынан Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында, қоғамдық және басқа ұйымдарда өкiлдiк етуге;
Инспекция қызметкерлерiнiң штаттық кестесiн лауазымдық жалақылардың негiзiнде белгiленген еңбекақы қоры шегiнде бекiтедi;
Металдар жөнiндегi инспекцияның қызметiн жақсарту жөнiнде ұсыныстарды әзiрлейдi.
11. Құрамында бастығы, оның орынбасары мен Инспекция орталық аппаратының, Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарының басқа да басшы қызметкерлерiнен құралған алқа Металдар жөнiндегi инспекцияны ұжымдық басқару органы болып табылады. Алқаның саны мен құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
12. Металдар жөнiндегi инспекцияның қызметкерлерiнде арнайы куәлiк болады.
13. Металдар жөнiндегi инспекция Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiзi бейнеленген, өзiнiң атауы, қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi, есеп айырысу шоты бар заңды тұлға болып табылады.
14. Металдар жөнiндегi инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.