1. Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штаты 16,5 адам санында бекiтiлсiн.
2. Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiнiң шетел валютасымен лауазымдық жалақысы айына 2600 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн.
Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысы Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшiсiнiң шетел валютасымен алатын жалақысының негiзiнде штат кестесiне сәйкес белгiленсiн.
3. Елшiлiк қызметкерлерiне дәрiгерлiк қызмет көрсетуге олардың
еңбекақы қорынан АҚШ долларымен 3,5 процент мөлшерiнде ақша аудару белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмiмен Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат кестесi мен шығыстарының сметасын бекiтсiн. 5. Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1996 жылғы республикалық бюджет есебiнен қажеттi қаржы бөлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi