Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 5 қаңтар N 16

      "Корея Республикасында Қазақстан Республикасының Елшiлiгiн ашу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 12 наурыздағы N 2281 U952281_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штаты 16,5 адам санында бекiтiлсiн.
      2. Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiнiң шетел валютасымен лауазымдық жалақысы айына 2600 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн.
      Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысы Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшiсiнiң шетел валютасымен алатын жалақысының негiзiнде штат кестесiне сәйкес белгiленсiн.
      3. Елшiлiк қызметкерлерiне дәрiгерлiк қызмет көрсетуге олардың

еңбекақы қорынан АҚШ долларымен 3,5 процент мөлшерiнде ақша аудару
белгiленсiн.
     4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмiмен Корея Республикасындағы
Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат кестесi мен шығыстарының
сметасын бекiтсiн.
     5. Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң
қызметiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлiгi 1996 жылғы республикалық бюджет есебiнен қажеттi қаржы
бөлсiн.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады